Құрметті оқырман!
Енді кітапхана қызметтерін пайдалану бұрынғыдан да оңай әрі ыңғайлы болды! Әл-Фараби атындағы кітапханада электрондық оқырман билеті іске қосылды. Бұл жүйе арқылы сіз:
📚 Қолыңызда бар кітаптардың тізімін;
⏳ Қайтару мерзімінің жақындағанын;
📦 Тапсырыстарыңыздың дайындығын;
📍 Кітапхананың мекенжайын, жұмыс уақытын, әлеуметтік желілерін және байланыс нөмірлерін онлайн түрде өзіңіздің жеке кабинетіңізден көре аласыз.
🖥 Қалай кіресіз?
- elibrary.kaznu.kz сайтынағы электрондық каталогқа кіріңіз.
- Жеке кабинетке өту үшін логин (электрондық поштаңыз) мен пароль (фамилияңыз) енгізіңіз.
📱 Ұялы телефон арқылы да қолдануға болады!
Жеке кабинетке кіргеннен кейін Wallet қосымшасы арқылы экранда шыққан QR-кодты сканерлеп, барлық ақпаратты ұялы телефоныңыздан бақылай аласыз.
🔔 Назар аударыңыз!
• iPhone құрылғыларында Wallet қосымшасы әдепкіде орнатылған.
• Android қолданушылары Play Market арқылы Wallet қосымшасын жүктеуі қажет.
📌 Бұл жүйе сіздің кітапханаға деген қолжетімділігіңізді арттырып, уақытты үнемдеуге көмектеседі.