«Кітапханаға кітап сыйла» акциясы өтті

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің кітапханасында 2025 жылдың 13-14 ақпан күндері Халықаралық кітап сыйлау күніне орай «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы өткізілді.

Акция кітапхана қорын толықтыруға, жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, әртүрлі білім көздеріне, соның ішінде қағаз түріндегі кітаптарға қолжетімділікті кеңейтуге бағытталды. Бұл іс-шараға университеттің оқытушылары мен студенттері, Farab оқырмандар клубының мүшелері мен басқа да студенттік бірлестіктер мен әртүрлі ұйымдардың өкілдері қатысты.

Сыйға тартылған кітаптар түрлі тақырыптарды қамтыды. Олардың ішінде ғылыми басылымдар, көркем әдебиет, тарих, мәдениет, философия және басқа да көптеген бағыттар бойынша кітаптар бар.
Осылайша, «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы университет кітапханасының дамуына және университет қауымдастығы арасында білім бұлағы – кітапқа деген қызығушылықты нығайтуға бағытталған маңызды қадам болды. Бұл іс-шара сонымен қатар кітапхана мен университет кітапханасын дамытуға қатысатын ұйымдар арасындағы байланысты нығайтуға мүмкіндік береді.

Кітапхана ұжымы барлық қатысушыларға алғыс айтып, әрбір сыйға тартылған кітап өз оқырманын табады деген сенім білдіреді!

Яндекс.Метрика