Әл-Фараби кітапханасының ұйымдастыруымен дәстүрлі «Жаңа түскен кітаптар» көрмесі өтті.
Бұл жолы көрме, механика және математика факультеті мен ақпараттық технологиялар факультетінде ұйымдастырылды. Көрмеге қажетті оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар, ғылыми басылымдар, жаңа технологияларға байланысты жарық көрген кітаптар кеңінен қамтылды.
Көрмеге қойылған кітаптарға оқытушылар мен студенттер үлкен қызығушылық танытып, өздеріне қажетті ақпарат алды.
Механика және математика факультеті мен ақпараттық технологиялар факультеті бойынша, жалпы саны128 кітап қойылды.