Stress relief жобасы аяқталды.

Оқу жылы бойы кітапханалық-ақпараттық қолдау көрсетіп,  студенттерді кітап қорымен және басқа да қолжетімді ресурстарымен қамтамасыз етіп келген кітапхана емтихан сессиясы кезінде тек емтиханға дайындалып, оны табысты тапсыруға ғана емес, емтихандар арасында демалуға да қолайлы жағдай жасады. Емтихандық сессия кезінде күйзелістік жағдайлардың алдын алу және студенттерге барынша жан-жақты психологиялық көмек беру, рухани қолдау көрсету мақсатында Әл-Фараби атындағы кітапханада «Күйзеліссіз сессия. Stress relief» жобасы өтті. Бұл жоба аясында студенттерге емтихан арасында бой сергітіп, демалудың көптеген түрлері ұсынылды.

Атап айтсақ, 1 қабатта оқырмандарға сурет салу аймағы орналастырылып, сурет салу үшін арнайы құрал-жабдықтар қойылды.

Сонымен қатар, екінші фойесінде – демалыс аймақтарындағы үстелдерге көркем шығармашылыққа арналған бұйымдар – тоқыма жіптері, қарындаштар, бояулар, қылқаламдар, шаблон бойынша және өз бетінше сурет салу арналған боямақ қағаз, альбомдар қойылды.

Үшінші қабатқа студенттердің ой өрісін одан әрі дамыту мақсатында шахмат, дойбы, дамино, пазл жинақтары қойылды.

Емтихандар арасындағы демалыс сәттерін ұйымдастыра отырып, емтихан сессиясын сәтті, жеңіл тапсыру үшін жағдай жасай отырып, сессия барысында студенттердің қолайлы атмосферасы мен көңіл-күйін қалыптастыра алдық деп үміттенеміз.

Сондай-ақ әл-Фараби кітапханасында өткен іс-шараларды сілтеме арқылы көре аласыз: осы жерде

Яндекс.Метрика