Кемел тұлға

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Қазақстанның құрметті жазушысы Дулат Исабековтің 80 жылдығына орай «Кемел тұлға» атты әдеби кеш өтті.

Дулат Исабеков – 1942 жылы 20-желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс ауданы «Ленин жолы» ауылында туған. 1963 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. 1963-68 жж. Қазақстан Республикасы Телевизия және радио хабарын тарату жөніндегі мемлекеттік комитетте аға редактор, 1968-70 жж. «Қазақ Совет энциклопедиясы» бас редакциясында аға ғылыми редактор, 1971-76 жж. «Жұлдыз» журналында бөлім меңгерушісі, 1976-80 жж. «Жалын» баспасында редакция меңгерушісі, 1980-88 жж. ҚР Мәдениет минстрлігі репертуарлық-редакциялық алқасының бас редакторы, 1988-97 жж. Қазақ теледидарының бас редакторы, «Жазушы» баспасының директоры, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы, 1997 жылдан Мәдениеттану ғылыми институтының директоры, республикалық мәдени-сараптамалық «Мәдениет» журналының бас редакторы болған, қазіргі таңда Т. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-ның профессоры.

Осы іс-шараға байланысты әл-Фараби кітапханасы кітап көрмесін ұйымдастырды.

Көрменің мақсаты: Әдеби кешке қатысушыларды, профессорлық-оқытушылық құрамды, университет студенттерін Д. Исабековтың өнегелі өмір жолымен, шығармаларымен, сондай-ақ Д. Исабековтің замандастарының, шәкірттерінің, журналистердің жазушы туралы жазған жұмыстарымен, жарияланымдарымен таныстыру.

Көрме 2 бөлімнен тұрады:
  • Қарымды қаламгер
  • Дүлдүл драматург

Қарымды қаламгер. Көрменің 1-бөлімінде  келушілер назарына Д. Исабековтың төл шығармалары, кітаптары ұсынылады. Атап айтар болсақ:  «Бекет» (1966 ж.), «Гауһартас» (2012 ж.), «Тіршілік» (1975 ж.), «Ай-Петри ақиқаты» (1990 ж.), «Қарғын» (2012 ж.), «Смятение» (1986 ж.), «Новоселье в старом доме» (1986 г.), Жеті томдық шығармалар жинағы (2012 ж.) және т.б.

Дүлдүл драматург. Бұл бөлімде Д. Исабековтің шығармашылығы туралы жазылған ғылыми, публицистикалық еңбектер орын алған, атап айтқанда: Қ. Серікқызы  «Дара Дулат», А. Т. Нұрпейісова «Дулат Исабеков әңгімелеріндегі отбасылық құндылықтар мен кейіпкерлер болмысы», Э. К. Хасенова «Дулат Исабековтің «Сүйекші» повесіндегі кейіпкер болмысы», И. А. Есболаева, Қ. А. Балқыбекова, Г. Ж. Утегенова  «Жазушы Дулат Исабеков шығармалары» және т.б.

Ұйымдастырушы: Әл-Фараби атындағы кітапхана

Көрменің оқырмандық бағыты: Әдеби кеш қатысушылары, журналистер, студенттер мен профессорлық-оқытушылық құрам, докторанттар, магистранттар, т.б.

Көрме құжаттары: кітапхана қорынан 30-ға жуық кітап, мерзімді басылымдар.

Сондай-ақ әл-Фараби кітапханасында өткен іс-шараларды сілтеме арқылы көре аласыз: осы жерде

Яндекс.Метрика