«БиблиоРоссика» ЭКЖ вебинар өткізуде

Құрметті оқырмандар! «БиблиоРоссика» заманауи электронды-кітапханалық жүйесі онлайн вебинар өткізеді.

БиблиоРоссика-зерттеушілерге, оқытушылар мен студенттерге арналған заманауи электронды кітапхана жүйесі. Онда жетекші ресейлік ғылыми баспалардың гуманитарлық, техникалық және жаратылыстану ғылымдары бойынша 22000-нан астам өзекті ғылыми және оқу әдебиеттері ұсынылған.

Ресейлік басылымдар Academic Studies Press (Boston, USA) және Central European University Press (Budapest, Hungary)баспаларының гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдары бойынша ағылшын тіліндегі әдебиеттермен толықтырылған. Біздің мақсатымыз-негізгі ғылыми жұмыстар мен оқу материалдарының жаңа басылымдарын жинау және оқырмандар үшін қол жетімді ету.

Вебинар күні: 22 ақпан 2022 ж

Вебинар уақыты: сағ 14:00 де (Мәскеу уақытымен)

Вебинар бағдарламасында:

  • «Библиороссика»ЭКЖ негізгі топтамалары мен жаңалықтары
  • Каталог және іздеу жүйесі
  • Кітапханашы кабинеті (оқырмандарды қашықтықтан тіркеу, статистика)
  • Оқырман кабинеті (дәйексөз келтіру, түсініктеме беру, жүктеу және т. б.)

БиблиоРоссика ғылыми қауымдастықты – оқытушыларды, студенттерді, зерттеушілерді, кітапханалар мен баспаларды біріктіруге арналған. Ол үшін біз өз пайдаланушыларымызға ең озық технологиялармен тынымсыз зерттеу жұмысының дәстүрлерін үйлестіретін басылымдар мен қызметтердің үнемі өсіп келе жатқан тізбесін ұсынамыз.
Университеттің ip-мекен-жайларынан кіруге болады. Қашықтан кіру үшін кітапханада логин мен парольді алу керек.

ZOOM конференциясына қосылу: осы жерде

Конференция идентификаторы: 947 4749 6922
Қосылу коды: 886759

Яндекс.Метрика