29 тамыз – Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы күн

Әл-Фараби атындағы кітапхана Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс күніне орай «Қазақстан ядросыз ел» атты кітап көрмесін ұйымдастырды

Қазақ даласына үлкен қасірет әкелген – Семей полигонының жабылғанына 30 жылға жуықтады. Бірақ, сынақтар тоқтаса да, зардабын адамзат осы уақытқа дейін тартып келеді. Кейбір дереккөздерге сенсек, ядролық сынақ аумағында тұрған 1,5 млн азамат полигонның қасіретін көрген. Ауаға тараған радиоктивті жауын 304 мың шаршы шақырымға жайылған. Ал, Семей экологиялық апат аймағына айналды. Бірақ, тәуелсіздік алысымен елдің бірінші мақсаты ядролық қарудан бас тарту болды. Талай жанға қасірет әкелген Семей полигонындағы соңғы сынақ 1989 жылдың қазанында болған.  Бірақ, арада аттай 30 жылдан аса уақыт өтсе де радиацияның уыты әлі күнге дейін шашылып келеді. Аймақта радиация қаупі жоғары. Ал, жыл сайын алғаш ядролық сынақ өткізілген 29 тамыз күні «Халықаралық ядролық қарудан бас тарту күні» болып атап өтіліп келеді.

Осы күнге орай жазылған еңбектермен 26-31.08.2021 жылы әл-Фараби кітапханасында өтіп жатқан кітап көрмесінен таныса аласыздар.

Виртуалды кітап көрмесін осы жерден көре аласыздар

Әл-Фараби кітапханасында ұйымдастырылған іс-шаралардың бейне жазбаларын біздің youtube каналымыздан көруге болады: осы жерде

Сондай-ақ, біздің Instagram және Facebook әлеуметтік желілеріндегі өзекті жаңалықтар мен іс-шараларға назар аударуды ұсынамыз, онда сіз одан әрі кеңес ала аласыз.

Сондай-ақ, «Кітапханашыға сұрақ қою» айдары арқылы Сізді қызықтырған сұрақтарға жауап алуға болатындығын еске саламыз.

Егер сіз кері байланыс нысаны арқылы пікір қалдырсаңыз, біз де қуанамыз (ауысу үшін басыңыз).

Яндекс.Метрика