Кітапхананың абонемент залында «Әдебиетке саяхат» атты стенд орналастырылды


Әл-Фараби атындағы кітапхана қорында көркем әдебиеттің әртүрлі жанры бойынша саны 219 170-тен астам кітап бар. Олар көпшіліктің келіп, көркем әдебиетті алып оқуына арналған ашық кітап қоймасында орналасқан.
Бүгінде кітапхана қызметінің негізгі бағыттарының бірі – пайдаланушылар үшін кітапханамыздың бай көркем әдебиет қорын ашу, кітап оқуға деген қызығушылықты ояту; классикалық және заманауи, отандық және әлемдік әдебиет туындыларына деген қол жетімділікті кеңейту. Осы мақсатта әл-Фараби атындағы кітапхана «Электрондық стеллаж» жүйесін іске қосты. «Электрондық стеллаждан» пайдаланушы QR-кодты мобильді сканер арқылы өзін қызықтырған көркем әдебиетті өзіне жүктей алады.

Сондай-ақ, сіздер басқада виртуталды көремелерді осы жерден көре аласыздар.

Яндекс.Метрика