«IEEE Xplore халықаралық деректер базасының ғылыми және білім беру ресурстары: жаңа мүмкіндіктер мен даму болашағы»

Құрметті оқытушылар, докторанттар, студенттер сіздерді «IEEE Xplore халықаралық деректер базасының ғылыми және білім беру ресурстары: жаңа мүмкіндіктер мен даму болашағы» атты онлайн-тренингке шақырамыз.

Вебинар бейне жазбасын көру үшін осы сілтемеге өтіп құпия сөзін теріңіз: bUY2fed3

Өткізілетін күні мен уақыты: 2020 жылғы 23 қазан, жергілікті уақытпен сағ. 11: 00-де.

Қатысу үшін осы сілтемеге өтіңіз: onlinebilgi.webex.com

IEEE Xplore цифрлық кітапханасы – әлемдегі ең ірі техникалық электрондық кітапхана, онда қазіргі заманғы әлемдік ғылыми әдебиеттің үштен бірі жинақталған, атап айтқанда:

  •  5 миллионнан астам толық мәтінді құжат;
  • 195 IEEE журналы, мерзімді басылым және еңбектер жинағы;
  • IEEE конференцияларының 1800-ден астам жинағы;
  • IEEE-дің 4400-ден астам бекітілген және жарияланған стандарты.

Электротехника және электроника инженерлері институты (IEEE) – бұл техника саласы мамандарының халықаралық, коммерциялық емес қауымдастығы, радиоэлектроника, электротехника бойынша және есептеу жүйелері мен желілерін аппараттық қамтамасыз ету бойынша стандарттар әзірлеу саласының әлемдік көшбасшысы. IEEE әлемдік техникалық әдебиеттердің үштен бірін шығарады және әлемнің 160-тан астам елінде 423000-нан астам мүшесі бар.

Тренинг әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ақпараттық технологиялар факультетінің, механика-математика факультетінің, физика-техникалық факультетінің, химия және химиялық технология факультетінің студенттеріне, магистранттарына, оқытушыларына, зерттеушілеріне арналған.

Тренинг барысында біз IEEE Xplore платформасының функционалдық мүмкіндіктері  мен құралдары туралы, ғылыми-техникалық зерттеулер әлеміндегі навигация жүйесі туралы, IEEE журналдарында ғылыми зерттеулерді жариялау үдерісі туралы айтып  береміз.

Ақпараттық вебинарды IEEE-дің Қазақстан Республикасындағы өкілетті өкілі Жарасова Әсел әл-Фараби кітапханасы Даму және коммуникация орталығының басшысы Еркін Тастанқұловпен бірге өткізеді.

 

Яндекс.Метрика