Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-не IEEE электрондық оқыту кітапханасына шектеулі уақытқа ақысыз қол жеткізу берілді!

Енді біздің ұйымымыз үшін 2020 жылдың 30 маусымына дейін жаңа және пайда болып жатқан технологиялар бойынша жүздеген сағаттық курстардан тұратын IEEE электрондық оқыту кітапханасына қол жетімді.

Электрондық оқыту курсының барлық тақырыптарын көру үшін ieee.org/ieeexplore сайтына кіріп, «Маған не қолжетімді» (яғни «What can I access?») түймесін басыңыз немесе «Көру» (Browse) > «Курстар» (Courses) бөліміне өтіңіз.

Егер сіз қандай да бір сәйкессіздіктерді тапсаңыз, onlinesupport@ieee.org мекен-жайы бойынша тұтынушыларды қолдау орталығына хабарласыңыз.

Сынақ нұсқасы туралы қосымша ақпарат алу үшін www.ieee.org/ieeexplore сайтына кіріп, Анықтама алу түймесін басыңыз.

Егер сізге кез келген уақытта техникалық көмек қажет болса, IEEE тұтынушыларды қолдау орталығына хабарласыңыз:

Электрондық пошта: onlinesupport@ieee.org

+1 800 701 IEEE (4333) АҚШжәне Канада

+1 732 981 0060 (бүкіл әлем бойынша)

Өтінеміз, назар аударыңыздар:

1. IEEE АҚШ-тың заңнамасына және халықаралық заңнамаға сәйкес барлық авторлық құқықтар мен басқа да зияткерлік меншік құқықтарын қоса алғанда, дерекқордағы барлық құқықтардың, атаулар мен мүдделердің иесі болып табылады.

2.. Осы құжатта деректер қоры «сол қалпында» ұсынылады. IEEE деректер қорының сапасына, өнімділігіне немесе үйлесімділігіне қатысты ешқандай кепілдік бермейді.

3. Авторландырылған қолданушыларға IEEE Xplore-дың кезкелген бөлігіне қол жеткізуге, іздеуге және / немесе жүйелі түрде жүктеп алу үшін роботтардың немесе зияткер агенттердің көмегін қолдана отырып, ізделетін мұрағат құруға тыйым салынады.

Яндекс.Метрика