«Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғалымдары» сериясының биобиблиографиялық көрсеткіштері ғалымдардың мерейтойлық даталарына арналып шығарылады.
Негізгі мақсаты — библиографиялық сипаттағы ақпаратты ретке келтіру және университеттің профессорлық-оқытушылар құрамының ғылыми қызметінің бағыттарын көрсету.
Жеке биобиблиографиялық көрсеткіштерге ғалымның өмірі мен ғылыми қызметінің негізгі кезеңдері, педагогикалық, ғылыми және қоғамдық қызметі туралы қысқаша очерк, оның өмірі мен еңбектері туралы әдебиеттер, еңбектерінің хронологиялық көрсеткіші, ғалымның редакциялауымен жарияланған еңбектер, патенттер, өзінің қорғаған диссертациялары және оның ғылыми жетекшілігімен қорғалған диссертациялар, сонымен қатар соңында бірлесіп жазған авторлардың есім көрсеткіші кіреді.
Биобиблиографиялық көрсеткіш келесі бөлімдерден тұрады:
- Алғы сөз (ғалым туралы және көрсеткіштің құрылымы туралы қысқаша ақпарат);
- Өмірі мен ғылыми қызметінің негізгі кезеңдері (ғалымның өмірбаяны мен ғылыми қызметі туралы биографиялық дереккөздерден алынған мәліметтер);
- Қысқаша биографиялық очерк (ғалымның педагогикалық, ғылыми және қоғамдық қызметі туралы ақпарат);
- Ғалымның өмірі мен еңбектері туралы әдебиеттер (анықтамалық, мерзімді басылымдар және басқа да басылып шыққан дереккөздерден алынған ол туралы мәліметтер);
- Ғалымның еңбектерінің хронологиялық көрсеткіші (ғалымның басылып шыққан барлық еңбектері, алғашқысынан бастап жыл-жылымен орналасқан);
- Ғалымның редакциялауымен басылып шыққан еңбектер (мақалалар жинағы, ұжымдық монографиялар, конференция материалдары);
- Патенттер (авторлық куәліктер, алдын ала патенттер мен патенттер);
- Ғалымның ғылыми мектебі (өзінің диссертациялары және оның ғылыми жетекшілігімен қорғалған диссертациялар);
- Көмекші құрал (бірлесіп жазған авторлардың есім көрсеткіші);
Кітапхана библиографы факультеттен көрсеткішті дайындауға жауапты қызметкермен бірге мемлекеттік стандарттарға сүйеніп биобиблиографиялық көрсеткішті құрастырып, басып шығарады. Библиографиялық сипаттамалар ГОСТ Р 7.0. 100-2018 «Библиографиялық жазба. Библиографиялық сипаттама. Құрастырудың жалпы талаптары мен ережелері», ГОСТ 7.82-2001 «Библиографиялық жазба. Электрондық ресурстардың библиографиялық сипаттамасы: жалпы талаптар мен құрастыру ережелері». ГОСТ Р 7.0.12-2011 «Библиографиялық жазба. Орыс тіліндегі сөздер мен сөз тіркестерін қысқарту. Жалпы талаптар мен ережелеріне» сәйкес жасалады.
БИОБИБЛИОГРАФИЯЛЫҚ КӨРСЕТКІШТІ ДАЙЫНДАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Биобиблиографиялық көрсеткішті дайындау үшін:
- Биобиблиографиялық көрсеткішті дайындау және шығару туралы өтініш;
- Барлық мәліметтерді ғалымның мерейтойына екі ай қалғанда электрондық нұсқада әкелу керек;
- ғалымның авторлық куәліктерін, патенттерін, ғылыми-зерттеу жұмыстары туралы есептерін Республикалық патенттік қордан және Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығынан өтініш беруші тарап ұсынады.