Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлектер күні (25.05.2021)

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында өткізілетін ҚазҰУ Түлектері күніне орай әл-Фараби атындағы кітапхана ұйымдастырған іс-шараның ақпараттық тұжырымдамасы.

Жылдар бойы қалыптасқан дәстүр бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың түлектер күні мамыр айының соңғы сенбісінде атап өтіледі. Жыл сайын бұл күні білім алған қарашаңырақ – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға жан-жақтан әр жылдардағы түлектер жиналады.

Олар өз істерінің білікті мамандары, өздерінің кәсіби таңдауына қанағаттанатын лайықты адамдар. Сонымен қатар, олардың барлығы альма-матерге тартылады, олар өздерінің туған университеттерін еске алады. Көбісі басқа қалалардан, тіпті басқа елдерден келеді. Түлектер еңбек өмірін бастаған және студенттерге жоғары адамгершілік құндылықтарды үйреткен оқытушыларына шын жүректен ризашылығын білдіреді. Осылайша, түлектердің мерейтойлық кездесулерінде таңғажайып жігерлі және эмоционалды атмосфера қалыптасады: жылы кездесу, бір-бірімен қол алысу, байланыста болу, естеліктер …

Қазіргі коронавирустық пандемия жағдайына байланысты кездесулер университеттің Әл-Фараби атындағы кітапханасында, факультеттерінде жартылай онлайн, жартылай дәстүрлі форматта өтеді.

Осы тамаша, салтанатты іс-шараға кітапхана үлкен кітап және фотосуреттер көрмесін, презентациялар, фотоальбомдар, түлектер туралы фильм, фотокөрме, видеоқабырға (видеостена) ұсынып отыр.

Көрменің оқырмандық бағыты: Университеттің әр жылдардағы түлектері, кітапхана пайдаланушылары – студенттер мен профессорлық-оқытушылық құрам, докторанттар, магистранттар, кітапхана қызметкерлер, т.б.

Өтетін орны: Әл-Фараби кітапханасының ғимараты, фойе, 4-қабат, 25-29 мамыр 2021 жыл.

Көрменің түрі: Дәстүрлі кітап көрмесі, презентациялар, фотоальбомдар, түлектер туралы фильм, фотокөрме, видеостена.

Көрменің нәтижелігі:

  • ҚазҰУ түлектерінің өз университетімен байланыста болуға деген ұмтылысы, корпоративтік мәдениеттің нығаюы;
  • түлектердің университет жаңалықтарымен және жетістіктерімен танысуы;
  • университет түлектерінің ғылымға, әдебиетке, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесін, жетістіктерін көпшілікке насихаттау арқылы университеттің оң имиджінің нығаюы.

Фото-галерея выставки

Видео-запись мероприятия доступна на канале AlFarabi TV:

https://www.youtube.com/watch?v=sq8qjiwTu84

Яндекс.Метрика