Олжас Сулейменовтың 85 жасқа толуына арналған мерейтойлық көрме (19.05.2021)

Олжас Сүлейменов — маңызды әрі теңдесі жоқ құбылыс. Оны ақынның әдеби еңбектерінің жоғары деңгейде бағалануы ғана дәлелдеп қоймайды. Сонымен қатар, Олжас — ақын, ойшыл, ғалым, саясаткер. Осы қасиеттердің бәрі де тек бір ғана бірегей тұлғаның эпостастары. Олжас саяси, әлеуметтік және мәдени ортада белгілі бір позицияға ие ақынның тек о баста өзіне арнап берілген мүмкіндіктерді пайдалана отырып қана әрекет етуі қажет екендігін жақсы түсінді. Оның қаруы — сөз. Сөз — киелі ұғым. Ал, әдебиет — ұлттың болмыс-бітімін, таным-түсінігін, табиғатын ұрпақтан – ұрпаққа аманаттар құндылық. Кезінде халықтың біріктірілуіне күш салып, оның көкірегіне ізгілік пен ұлтшылдық ұрпағын себуге сеп болған. Жастарда жалын күш-қуат, тың ой, жасампаздық пен сергектік бар. Ең ұлы істерінің көбі жас кезінде істелетіні тегін емес. Өткен мен бүгіннің арасын жалғайтын алтын көпір – мәдениет, ғылым, өнер оның ішінде сөз өнері!Ол әдебиетке ерекше дауыспен енді. Оның шығармалары әу бастан-ақ ұлттық өдеби құбылыстарға толы болды, сонымен қатар сөз қадірін түсінер жүрттың көңілінен шықты және бүгінге дейін сол деңгейін жоғалтқан жоқ.

Бұл көрме Олжас Сүлейменовтың шығармашылығы мен оның өмір жолы жайлы танысқысы келетін әрбір адамға арналған.

Көрме әдебиеттерінің орналасуы: Әдебиеттер саны — 100, журналдар саны — 10, газеттер саны — 10, фотосурет – 22.

Көрме 6 блоктан тұрады:

  1. Әр күн – арайлы таң
  2. Тіл – әлем жылнамасын сақтаушы құрал
  3. Поэзия – сөз өнерінің алтын тәжі
  4. Қарусыз әлем
  5. Олжас Феномені
  6. Человек — легенда, человек – эпоха

Іс-шараға байланысты фото-галереямен төменде таныса аласыздар

Al-Farabi TV арнасында өткен іс-шараға байланысты видеоны көре аласыздар.

Яндекс.Метрика