Кітапхананың 2-қабаты


Классикалық оқу залы

Университеттің аумағы 1718,8 м2 құрайтын, 800 орындық классикалық оқу залы, сонымен бірге Масанчи және Қарасай батыр көшелеріндегі ғимараттарында аумағы 660,8 м2 оқу залдары бар. Оқырмандардың көпшілігінің жиналатын жері – үлкен классикалық оқу залы. Оқу залының қосалқы кітап қоры университетіміздің 16 факультетін ғылыми әдебиетпен және оқулықтармен қамтамасыз етеді. Классикалық оқу залының қосалқы қорында 60 000-нан астам әдебиет жинақталған. Бүгінгі таңда әл-Фараби кітапханасы ашық кітапхана болып жарияланды: бұл жерде басқа жоғары оқу орындарының студенттеріне өз оқырман билеттері арқылы тегін қызмет көрсетіледі, олар үшін кітап қоймасы қолжетімді. Сонымен бірге оқу залында тақырыптық, мерекелік көрмелер және жаңа шыққан кітаптар көрмесі тұрақты түрде өткізіледі. Оқу залында, кітапхананың барлық орындарындағыдай, компьютерлер мен информайзерлер бар. Компьютерлер мен информайзерлер «Ирбис» кітапханалық-ақпараттық жүйесіне қосылған, сондай-ақ J-Irbis модулі арқылы кітапхана қорын да пайдалану мүмкіндігі бар.
2017 жылы оқу залының жұмысын автоматтандыру және заманауи жүйелерді енгізу бойынша пилоттық жоба басталды. Радиожиілікті сәйкестендіру технологиясы (RFID) солардың бірі болып табылады, оның нәтижесінде «ИРБИС 64»автоматтандырылған кітапханалық-ақпараттық жүйесінің (АБИС) біртұтастандыру мәселелері шешілді. Университет қызметкерлері мен білім алушыларының біртұтас идентификациялық карталары (ID-карталар) кітапханада, сонымен бірге оқу залында оқырман билеті ретінде пайдаланыла бастады. Дәстүрлі оқырман формулярын оқырмандардың тұтас электронды базасы алмастырды, ол жерде құжаттардың ағымдағы қолға беру және қайтару мерзімдері көрсетіледі. Оқырман залының қорына еркін қолжетімділік қамтамасыз етілген, ондағы өз-өзіне қызмет көрсету станциялары (14-сурет) RFID-технология негізінде жұмыс істейді және оқырмандарға таңдаған әдебиетін өз бетінше тіркеп, рәсімдеуге мүмкіндік береді. Осылайша, оқырмандарға өз-өзіне қызмет көрсету жүйесі ұсынылған, яғни кітапты алуды немесе қайтаруды өз-өзіне қызмет көрсету станциялары арқылы жүзеге асыра алады. Кітапхана кіре берісінде орналасқан күзет қақпалары құжаттарды заңсыз алып кетуге жол бермей, дабыл жүйесін іске қосады. 
Классикалық оқу залында көшірме аппараттары және «ЭЛАРСКАН А2-300»  планетарлық сканері (15-сурет)  орналасқан, оның көмегімен Кітапхана пайдаланушылары таңдаған әдебиетінің қажетті парақтарын тегін сканерлеп, өзінің электронды поштасына немесе USB-флеш-жинақтауышына жібере алады. Сонымен бірге оқырмандардың пайдалануына ұялы телефондар мен қондырғыларға арналған зарядтау станциялары ұсынылады.

14-сурет. Өз-өзіне қызмет көрсету станциясы
15-сурет. ЭЛАР планетарлық сканері
Кітапханада «Электронды стеллаж» атты жаңа электронды жүйе (16-сурет) іске қосылған, ол арқылы пайдаланушылар мобильді QR-кодпен пәндер бойынша үлкен сұранысқа ие оқулықтардың сканерлерін жүктей алады, сонымен бірге виртуалды кітап сөресі (17-сурет) арқылы қажет әдебиетті кітап QR-коды арқылы мобильді құрылғыға жүктей алады.
16-сурет. Электронды стеллаж

17-сурет. Виртуалды кітап сөресі


Мерзімді басылымдар залы

Мерзімді басылымдар залы – оқырман залы, ол жерде білім беру салалары бойынша түрлі  мерзімді басылымдар сақталады (газеттер мен журналдар). Мерзімді басылымдар залында біздің университет жаздырып алатын журналдар мен газеттер қабылданады, өңделеді және сақталады. Олар – ғылымның түрлі бағыттарын қамтитын, қазақ және орыс тілдеріндегі 250-ден астам журнал және 40-тан астам газет. (http://elibrary.kaznu.kz/ru/node/81). Олардың қатарында қазақстандық, ресейлік және өзге де шетелдік газеттер мен журналдар, «КазҰУ жаршысы», қазақстандық өзге де жоғары оқу орындарының жаршылары, «Мәскеу мемлекеттік университетінің жаршысы» бар. Оқу залында соңғы 3 жылда жарық көрген мерзімді басылымдар сақтаулы. Одан бұрын шыққан мерзімді басылымдарды кітап қоймасынан тапсырыс арқылы алуға болады. Оқырмандар ашық қордағы өздеріне қажетті газет-журналдарды таңдап, олармен дербес жұмыс жасайды. Оқу залында электронды катологтары бар  компьютерлер жұмыс істейді.

Даму және байланыс орталығы

Даму және байланыс орталығы инновациялық технологияларды пайдалана отырып, ғылыми-әдістемелік, кеңестік-ақпараттық және бұқаралық жұмыстарды жүзеге асырады. Мәліметтер қоры бойынша және Кітапхана қызметкерлерінің біліктілігін жоғарылату мақсатында түрлі тренингтер, семинарлар, вебинарлар өткізеді.
Яндекс.Метрика