Clarivate Analitics вебинарлары сізге Web of Science-ке мақалалар жазуды үйретеді, тегін оқып, сертификат алыңыз.

Білу маңызды! Сіз таңдаған әрбір вебинарға бөлек тіркелу қажет. Үш сериялы  вебинарлардың біреуін кем дегенде 90% тыңдаған қатысушыларға сертификат жіберіледі (назар аударыңыз, кейде мұндай хаттар «спам» қалтасына түсіп кетеді). Барлық вебинарларға тіркелу кезінде бірдей электрондық почтаны жібергеніңізге көз жеткізіңіз. Орыс тіліндегі сертификатта сіздің фамилияңыз сауалнамада көрсетілгендей жазылады.

Назар аударыңыз! Қосылу бойынша міндетті түрде нұсқаулықты оқып алу немесе тыңдап шығу керек! Компьютерде XP-ден жоғары операциялық жүйе және веб-браузерлердің (Google Chrome, Mozilla Firefox, Internet Explorer) соңғы нұсқалары орнатылғанына, қалқымалы терезелер, динамиктер немесе дыбыс шығысы қосылғанына көз жеткізіңіз. Қосылмаған болса, өз ұймыңыздың кітапханасына, ғылыми-зерттеу бөліміне немесе жүйелік әкімшісіне хабарласыңыз. Қолданушылардың компьютерлеріндегі дыбысты лектор қашықтықтан жөндеп бере алмайтыны естеріңізде болсын. Вебинарға басталудан 10-15 минут бұрын қосылу керек, парольді енгізу қажет емес. Егер сұрақтарыңыз болса, оларды тіркеу кезінде өтініш формасында көрсетіңіз. Оларға жауаптар тиісті вебинарда беріледі. Презентациялар вебинар қатысушыларына жіберіледі және біздің Youtube-каналымызда жазбасы қол жетімді болады. Кесте мен тіркеу сілтемелері төменде көрсетілген немесе сайтта қол жетімді.

Кесте, маусым, 2020

1 серия. Web of Science: ғылыми ақпаратты іздеу жүйесі

Web of Science ақпараттық платформасы: мазмұны, мүмкіндіктері, қолданылуы

Web of Science ақпараттық платформасының және Web of Science Core орталық мәліметтер базасының негізгі сипаттамалары. Жеке қолданушы профилін жасау. Берілген тақырып бойынша ғылыми жарияланымдарды іздеу. Алынған ақпаратты талдау. Қажетті деректерді сақтау. Ғылыми басылымдардың толық мәтіндеріне қол жеткізу. Жұмысты оңтайландыру: іздеу тарихын сақтау, жаңа жарияланымдар мен дәйексөз келтіру бойынша автоматты түрде хабарламалар жіберілуін жасау.

– 16 маусым, сейсенбі 9:00 (мск) — жүргізуші Варвара Соседова
– 26 маусым, жұма 14:00 (мск) – жүргізуші Валерия Курмакаева
         >> Жалпы тіркеу беті


Web of Science-тағы арнайы іздеу техникалары

Web of Science Core топтамасындағы кеңейтілген іздеу/advanced search мүмкіндіктері. Іздеу өрістерін және логикалық операторларды қолдана отырып, іздеу сұраныстарын құрастыру. Мақалалық библиографиядан іздеу. Web of Science платформасында мамандандырылған мәліметтер базасында және аймақтық ғылыми дәйексөз индекстерінде ақпаратты талдау


     – 17 маусым, сәрсенбі 9:00 (мск) — жүргізуші Варвара Соседова
     – 29 маусым, дүйсенбі 14:00 (мск) – жүргізуші Валерия Курмакаева
         >> Жалпы тіркеу беті

Publons and ResearcherID: жарияланымдарды іздеу, автордың профилі және жариялау белсенділігінің көрсеткіші

Автор бойынша іздеуде болатын қиындықтар және оларды шешу жолдары. Ғалымның және ғалымдар тобының жарияланымдық қызметін талдау, дәйексөздер келтіру бойынша (дәйексөздер, Хирш индексі және т.б.). есептерді құру және түсіндіру. Web of Science Researcher ID / Publons жүйесінде автор профилінің құрылуы, түзетілуі және мүмкіншіліктері: жарияланымдар, өлшемдер, рецензиялау.

– 18 маусым, бейсенбі 9:00 (мск) — жүргізуші Варвара Соседова
     – 30 маусым, сейсенбі 14:00 (мск) – жүргізуші Валерия Курмакаева
>> Жалпы тіркеу беті


2 серия. Clarivate құралдарымен ғылыми тиімділікті бағалау

Web of Science-та ұйымның қызметін бағалау: профиль құрудан дәйексөз келтіру бойынша есеп беруге дейін

Ұйымның жарияланымдарын табу қиындықтары. Web of Science Core Collection мәліметтер базасында Address іздеу өрісін және SAME іздеу операторын пайдалану. Ұйымның жарияланымдарыын сәйкестендіру және талдау үшін Advanced search кеңейтілген іздеудің мүмкіндіктері. Ұйымның Organization Enhanced біріктірілген профилін құру / түзету алгоритмі. Дәйексөз келтіру бойынша есеп беру.

– 23 маусым, сейсенбі 9:00 (мск) – жүргізуші Варвара Соседова
     – 23 маусым, сейсенбі 14:00 (мск) – жүргізуші Варвара Соседова
         >> Жалпы тіркеу беті

Ғылыми нәтижелілікті бағалаудағы InCites аналитикалық жүйесінің мүмкіндіктері InCites – бұл Clarivate компаниясы әзірлеген және ең беделді Web of Science Core Collection ғылыми дәйексөз индексінің мәліметтеріне негізделген аналитикалық құрал. Семинар әлемнің жетекші университеттері мен ғылыми-зерттеу ұйымдарының дүниежүзілік зерттеу үдерісіндегі өз орнын түсіну үшін, күшті және әлсіз жақтарын бағалау және өз ғылыми нәтижелерін қай дерек көздерде жариялау жақсы екенін түсіну үшін осы құралды қалай қолданатынын көрсетеді.
Вебинарда келесі мәселелер қарастырылады: — InCites жүйесінің интерфейсі қалай қалай құралған — Ұйым бенчмаркингін қалай өткізу керек — Ұйымыңыздағы ғылымның күшті және әлсіз жақтарын қалай анықтауға болады — Қызметкерлеріңіздің қай журналда жариялауды жөн көретінін және журналды таңдау жұмыстардан дәйексөз келтірілуіне қалай әсер ететінін қалай түсінуге болады — Жекелеген қызметкерлердің ғылыми нәтижелілігін бағалауда қандай ерекшеліктер бар? Вебинардың ұзақтығы: 1,5 сағат.

     – 24 маусым, сәрсенбі 10:00 (мск) – жүргізуші Павел Касьянов
     – 24 маусым, сәрсенбі 14:00 (мск) – жүргізуші Павел Касьянов
         >> Жалпы тіркеу беті


Journal Citation Reports: негізгі сұрақтар және жаңа жауаптар
Әдеттегідей, маусымның соңында Journal Citation Reports-тың жаңа редакциясы шығады. Жүйеде қандай жаңа функциялар мен мүмкіндіктер пайда болды, қандайы жақын арада пайда болады және өз нәтижелерін жеке ғалым үшін де, ғылыми ұйым үшін де қандай журналдарда жариялау жақсы болады екенін түсіну үшін Journal  Citation Reports мәліметтер базасын қалай пайдалану дұрыс болады.

     – 25 июня, бейсенбі 10:00 (мск) – жүргізуші Павел Касьянов
     – 25 маусым, бейсенбі 14:00 (мск) – жүргізуші Павел Касьянов
         >> Жалпы тіркеу беті

 

3 серия: Халықаралық журналдарда жариялау бойынша практикалық ұсыныстар  3 серия вебинарларын Валерий Курмакаев жүргізеді Халықаралық журналдарды қалай жете білуді үйренуге  болады Сапалы ғылыми басылымның көрсеткіштері. Импакт-фактор және квартильдер. Web of Science, EndNote (Match), Journal Citation Reports, Master Journal List көмегімен жариялау үшін тақырыптық басылымдар тізімін қалыптастыру. «Жыртқыш» (қоқыс, жосықсыз) журнал туралы түсінік және оның негізгі белгілері. Жыртқыштық таратылымдардың мысалдары: сізге мақаланы қайда жіберуді  ұсынғанын қалай тексеруге болады.
     – 16 маусым, сейсенбі 14:00 (мск) — жүргізуші Варвара Соседова
     – 26 маусым, жұма 10:00 (мск) – жүргізуші Валерия Курмакаева
         >> Жалпы тіркеу беті
EndNote-тың библиографиямен жұмыс істеуге арналған мүмкіндіктері EndNote Online көмегімен жеке библиографиялық деректер базасын жасау. Жазбаларды сұрыптау, топтар құру және оларға қол жеткізуді басқару. Библиографияны рәсімдеу шаблондарын қолдану. Microsoft Word үшін Cite-While-You-Write модулін қолдану және мәтінді жазу кезінде әдебиеттер тізімін құру.
     – 17 маусым, сәрсенбі 14:00 (мск) — жүргізуші Варвара Соседова
     – 29 маусым, дүйсенбі 10:00 (мск) – жүргізуші Валерия Курмакаева
         >> Жалпы тіркеу беті
Халықаралық журналға жарияланымды қалай дайындау керек Ғылыми мақаланың құрылымы. Негізгі бөлімдерді жазу бойынша практикалық кеңестер. Академиялық ағылшын тілінің ерекшеліктері. Аннотация жазу. Мақала атын жазу. Кілт сөздерді таңдау. Редактордың болжалы. Жариялаудан бас тартудың негізгі себептері. Рецензенттердің түзетулерімен жұмыс.
     – 18 маусым, бейсенбі 14:00 (мск) — жүргізуші Варвара Соседова
     – 30 маусым, сейсенбі 10:00 (мск) – жүргізуші Валерия Курмакаева
         >> Жалпы тіркеу беті

Яндекс.Метрика