Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті аумағында студенттер мен қызметкерлердің ID-карталарымен кіріктірілген КФҚ-принтерлер орналасқан.
ID-карта арқылы құжаттарды басып шығару ыңғайлы, әрі тиімді.
Мысалы, қала бойынша А4 форматтағы құжаттың түрлі-түсті көшірмесін шғару
орташа бағамен 90 теңгені құрайды, ал ID-карта арқылы төлеу құны 2 есе аз, 45 теңге.
Неге бұл ыңғайлы?
1. КФҚ-принтердің қызметін төлеу үшін қағаз ақшаны тиынға ауыстыру қажет етпейді.
2. Қолма-қол ақша алып жүру керек емес, ID-картаға белгілі бір соманы жүктеу жеткілікті болады.
3. Сіз КФҚ-принтердің өзінде қағаздың форматын, қасиетін, түсін, оның сапасын белгілеу немесе болдырмау жасап, басып шығару немесе көшіруді бақылай аласыз.
КФҚ-принтер қызметтерін ID-карта арқылы төлеуді қалай жүзеге асырамыз?
1. Кез келген қолжетімді веб-браузердің мекен-жайына print.kaznu.kz енгізіңіз.
2.Ашылған терезеде өз Логині мен Құпия сөзді енгізу керек (егер студент болса, универ жүйесінде, егер қызметкер болса, онда outlook-та енгізу).
3. Пайдаланушының жеке парағы ашылады, онда барлық операциялар тарихы мен ағымдағы шоттағы ақша қалдығы көрсетіледі.
4. «Кодты өндіру» (сгенерировать код) батырмасын басу.
5.Содан кейін PIN-код беріледі, оны есте сақтау қажет.
6. КФҚ-принтердегі оқу жолағына ID-картаны жақындатып, немесе Ysoft төлеу терминалы арқылы Іске қосыңыз.
7. Ysoft төлеу терминалы арқылы шотыңызды толықтырыңыз.
ID-карта шотын қалай толықтырамыз?
1. Ysoft төлеу терминалының панеліне өз ID-картаңызды қойыңыз, қағаз ақша қабылдағышқа ақшаңызды, тиын қабылдағышқа тиын ақшаны салыңыз.
2. Экранда енгізілген сома көрсетіледі, егер барлығы дұрыс болса, операцияларды аяқтау үшін картаны қайта қойыңыз.
Толықтыру терминалдары қайда орналасқан?
1. Әл-Фараби кітапханасы, 1-қабат, гардеробтың жанында.
2. Механика-математика факультеті, 1-қабат.
3. Философия және саясаттану факультеті, 1-қабат.