Әл-Фараби кітапханасында халықаралық дөңгелек үстел өтті

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Жалпы және қолданбалы психология кафедрасы ұйымдастыруымен психология ғылымы мен білім беру саласындағы отандық және шетелдік жетекші ғалымдардың қатысуымен «Интегративті психологияның негіздері мен технологиялары» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстел психология ғылымдарының докторы, профессор Фатима Сағымбекқызы Ташимованың ғылыми жетекшілігімен өтіп, психологиядағы заманауи интегративті тәсілдерге, пәнаралық өзара ықпалдастық мәселелеріне және қолданбалы психологиялық технологияларды дамытуға арналды.
Дөңгелек үстелдің ресми ашылуында құттықтау сөз сөйлеген Мейірбаев Бекжан Берікбайұлы, философия ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Философия және саясаттану факультетінің деканы, интегративті психологияның гуманитарлық ғылымдарды дамытудағы және жаңа буын мамандарын даярлаудағы маңыздылығын атап өтті.
Өткен халықаралық дөңгелек үстел интегративті психология саласында тәжірибе алмасуға, заманауи үрдістерді талқылауға және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға арналған маңызды ғылыми алаңға айналып, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары ғылыми-білім беру әлеуетін тағы да растады. Сондай ақ осы іс-шараға кітапхана қорынан психология саласына қатысты кітап көрмесі дайындалды, көрмеге әлемдік психология және университет оқытушыларының еңбектері қойылды.

Яндекс.Метрика