Негізгі кітап сақтау қоры

Кітап сақтау қоры – кітапхана қорының сақталуы мен бүтінділігін қамтамасыз ететін, пайдаланушылардың ақпараттық сұраныстарын қанағаттандыратын кітапхананың құрылымдық бөлімшесі.

Негізгі қызмет түрлері:

  • қорды ғылыми негізде ұйымдастыру және оның қауіпсіздігін, бүтінділігін қамтамасыз етіп, сақтау;
  • жаңа түскен әдебиеттерді қорға қабылдау, кітапханалық жүйе бойынша орналастыру;
  • кітапханада және университетте ұйымдастырылатын іс-шараларға, кітап көрмелеріне қажетті әдебиеттерді дайындау;
  • қор мазмұнының толық ашылуын қамтамасыз ететін жұмыстарды ұйымдастыру, ұмытылған кітаптарды анықтау және көрме ұйымдастыру;
  • кітаптар мен мерзімді басылымдарға жүйелі түрде жоспарлы тексерулер жүргізу, мазмұны ескірген, тозған және сұранысы аз әдебиеттерді қор есебінен шығаруға дайындау;
  • кітаптарды реставрациялау, тұрақты сақтауға қалдырылатын газеттердің түптерін байлау жұмыстарын жүргізу;
  • қорда жоқ құжаттарды кітапханааралық абонемент арқылы қамтамасыз ету.

Бас кітапханашы-менеджер: Жаманкөзева Мақпал Аманкелдіқызы

Астыңғы қабат,  +7 (727) 377 33 33 (1709).

makpal.djamankozeva@kaznu.edu.kz

Яндекс.Метрика