Классикалық оқу залы – пайдаланушыларға залдың қосалқы қорынан таңдаған немесе кітап сақтау қорынан тапсырыс беріп алған әдебиеттерін кітапхана аумағынан шықпай оқуға мүмкіндік беретін ыңғайлы орта.
Классикалық оқу залының негізгі міндеттері:
- пайдаланушыларға ақпарат іздестіру жөнінде кеңес беру;
- пайдаланушылардың сұраныстарын жедел орындау;
- жаңа пайдаланушыларды тіркеу;
- оқу залының қорын университетте оқытылатын мамандықтарға сай оқу және ғылыми әдебиетпен, көркем әдебиетпен, мерзімді және электронды басылымдармен үнемі толықтырып отыру;
- жаңа түскен әдебиеттерге кітап көрмесі мен әдеби шолу жасау.
Бас кітапханашы-менеджер: Темірова Гүлмира Нұрманқызы
Бас кітапханашы-менеджер: Шомаева Мейіркүл Тұрдышқызы
2-қабат, № 217-кабинет, +7 (727) 377 33 33 (1702).