Абонемент – Әл-Фараби атындағы кітапхананы пайдалану ережелеріне сәйкес пайдаланушыларға оқулықтар мен көркем әдебиеттерді кітапханадан тыс уақытша пайдалануға беретін кітапханалық бөлімше.
Абонементтің негізгі міндеттері:
- жаңа пайдаланушыларды тіркеу;
- оқулықтар мен көркем әдебиеттерді 1 немесе 2 семестрге беру;
- оқырмандардың әдебиетті қайтару мерзімдерін бақылау, берешектің алдын алу және жою жұмыстарын жүргізу;
- абонемент қорын университетте оқытылатын мамандықтарға сай оқулықтармен, оқу-әдістемелік құралдармен және көркем әдебиетпен үнемі толықтырып отыру;
- жұмыстан шығатын қызметкерлер мен оқуды аяқтаған студенттердің кету қағазын толтыру.
Бас кітапханашы-менеджер: Өтегенова Эльмира Сембекқызы
1-қабат, № 117-кабинет
+7 (727) 377 33 33, ішкі нөмірі (1710)