Кітапхананың Ақпараттық қызмет басқармасы университеттің оқу-тәрбие үдерісін, ғылыми-педагогикалық және ғылыми-зерттеу қызметін кітапханалық-ақпараттық қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
Басқарманың негізгі қызмет бағыттары:
- оқырмандардың ақпараттық сұраныстарына сәйкес жедел кітапханалық-библиографиялық қызмет көрсету;
- пайдаланушыларды абонемент арқылы оқу және оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз ету;
- кітапхана қорының мазмұнын ашатын іс-шараларды ұйымдастыру;
- жаңа түскен әдебиеттер бойынша кітап көрмелері мен әдеби шолулар өткізу;
- кітапханада және университетте ұйымдастырылатын іс-шаралар мен кітап көрмелеріне қажетті әдебиеттерді дайындау;
- қорда жоқ құжаттарды кітапханааралық абонемент арқылы қамтамасыз ету;
- кітапхана қорының сақталуы мен тұтастығын қамтамасыз ету.
Ақпараттық қызмет басқармасының құрамына 3 бөлім кіреді:
- абонемент;
- классикалық оқу залы;
- кітап сақтау қоры;
Ақпараттық қызмет басқармасының басшысы: Жаманкөзева Ақмарал Аманкелдіқызы
akmaral.dzhamankozeva@kaznu.edu.kz
1-қабат, № 117-кабинет
+7 (727) 377 33 33, ішкі нөмірі (1710)