Оқу жылы бойы кітапханалық-ақпараттық қолдау көрсетіп, студенттерді кітап қорымен және басқа да қолжетімді ресурстарымен қамтамасыз етіп келген кітапхана емтихан сессиясы кезінде тек емтиханға дайындалып, оны табысты тапсыруға ғана емес, емтихандар арасында демалуға да қолайлы жағдай жасауда. Емтихандық сессия кезінде күйзелістік жағдайлардың алдын алу және студенттерге барынша жан-жақты психологиялық көмек беру, рухани қолдау көрсету мақсатында Әл-Фараби атындағы кітапханада «Күйзеліссіз сессия. Stress relief» жобасын ұсынып отырмыз.
Жобаның мақсаты – білім алушылардың сессия кезіндегі көңіл-күйін жақсартып, емтихандар арасындағы уақытта сергіту, демалу сәттерін ұйымдастырып, сессия кезеңінен табысты, жеңіл өтуіне жағдай жасау.
Құрметті біздің оқырмандарымыз – студенттер, магистранттар! Сіздерді 2024 ж. 17-27 желтоқсан аралығында кітапханада «Күйзеліссіз сессия. Stress relief» жобасы аясында өтетін іс-шараларға шақырамыз! Олардың ішінде емтиханға дайындалу, оны тапсыру арасында тынығуға мүмкіндік беретін түрлі ойындар, сурет салу, тоқу, көркем кесте тігу сияқты неше түрлі ермек түрі қарастырылған.
Келіңіздер, күтеміз, кітапханамен бірге сессияны күйзеліссіз өткіземіз!