Әл-Фараби кітапханасының анықтама-ақпараттық және библиографиялық жұмысы пайдаланушыларға дәстүрлі және қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды, кітапхана ресурстарын пайдалана отырып, анықтамалық-библиографиялық, ақпараттық және кеңес беру қызметтерін көрсетеді.
Негізгі қызмет түрлері:
- Анықтама ұсыну қызметі дәстүрлі және онлайн түрде (кітапхана сайтында) іске асады:
- тақырыптық;
- фактографиялық;
- анықтамалық;
- мекенжай-библиографиялық;
- студенттер мен магистранттарға кітапхана деректер қорынан әдебиеттерді өз бетінше іздеу әдістері бойынша кеңес беру;
- ғылыми, дипломдық, курстық және басқа жұмыстардың әдебиеттер тізіміндегі библиографиялық сипаттамаларына түзетулер мен толықтырулар жасау;
- бірінші курс студенттеріне жыл сайын «Ақпараттық мәдениет негіздері» кітапханалық-библиографиялық сабақтар өткізу;
- университет оқытушыларының мерейтойларына арнап биобиблиографиялық көрсеткіш құрастыру;
- «Кітап әлеміндегі жаңалық – Новости в мире книг» бюллетенін дайындау (кітапхана сайтында).
Бас библиограф: Самиева Назгүл Өтемісқызы
3-қабат, №306-кабинет
+ 7 (727) 377 33 33, ішкі нөмірі (1714)