Қорды жинақтау және сервистік қолдау басқармасы

Қорды жинақтау және сервистік қолдау басқармасы университеттің оқу процесі мен ғылыми қызметін кітапханалық-библиографиялық қызмет арқылы қамтамасыз етеді.  Университеттің оқу жоспарлары мен ғылыми тақырыптарына сәйкес Кітапхана қорын ұйымдастырады.

Негізгі қызмет түрлері:

  • университет кітапханасының қорын университеттің оқу процесін, ғылыми-педагогикалық және ғылыми-зерттеу қызметін қамтамасыз ететін құжаттармен толықтыру;
  • негізгі қорды ұйымдастыру және қордың сақталуын қамтамасыз ету;
  • қорды есепке алу, әдебиеттерді сипаттау және жүйелеу, каталогтарды ұйымдастыру;
  • кітапхана қорына түсетін және шығатын құжаттарды есепке алу;
  • құжаттарды ғылыми-техникалық өңдеу;
  • электронды анықтамалық жүйені жүргізу;
  • негізгі емес, ескірген, артық, қосарланған, тозығы жеткен құжаттарды іріктеу, негізгі қордан шығару;
  • мерзімді басылымдарға жазылу;
  • технологиялық нұсқаулар бойынша машинада оқылатын форматта МЕМСТ сәйкес библиографиялық сипаттама құрастыру;
  • қорды кітап депозитариіне орналастыруды ұйымдастыру.

Басқарма басшысы: Еслямгалиева Гулпарам

1-қабат, №114-кабинет

+ 7 (727) 377 33 33, ішкі нөмірі (1703)

gulparam.esemgalieva@kaznu.edu.kz

Яндекс.Метрика