Цифрландыру орталығы

Заманауи электронды кітапхана қорын құру әл-Фараби кітапханасында 2012 жылы бастау алды. Цифрландырудағы негізгі мақсат – бәсекеге қабілеттілікті арттыру, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту,  оқу процесін  жеделдету және жеңілдету. Ең бастысы – білім беру сапасын арттыру.

Негізгі қызмет түрлері:

  • кітапхана қорындағы саны аз кітаптарды, авторефераттар мен диссертацияларды, библиографиялық көрсеткіштерді, сирек кездесетін кітаптарды электронды түрге көшіру;
  • электронды нұсқадағы басылымдарды кітапхана сайтына жүктеу;
  • белгілі тұлғалардың, қоғам қайраткерлерінің, ақын-жазушылардың көп томдықтарын және мерейтойларға арналған кітаптардың электронды нұсқасын жасау;
  • сандық жүйеге айналдырылған беттерді JPEG, TIFF және PDF форматта сақтау, беттердің сапасын жақсарту жұмыстарын жасау.

Орталық жетекшісі: Оспанова Мәдина

3-қабат, №309-кабинет

+ 7 (727) 377 33 33, ішкі нөмірі (1708)

Madina.Ospanova@kaznu.edu.kz

Яндекс.Метрика