Даму және коммуникация орталығының мақсаты – инновациялық технологияларды енгізе отырып, ғылыми-әдістемелік, кеңес беру, ақпараттық-бұқаралық жұмыстарды жүргізу, кітапхананың сыртқы және ішкі байланыстарын қолдау.
Негізгі қызмет түрлері:
- кітап оқуды насихаттауға бағытталған бұқаралық іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу, жастарды мәдени-демалыс жұмыстарына тарту; т.б.;
- кітап көрмелерін (тақырыптық және жаңадан келіп түскен кітаптардың, соның ішінде көшпелі кітап көрмелерін) және жаңа кітаптардың тұсаукесерін ұйымдастыру, өткізу;
- халықаралық және отандық лицензияланған дерекқорлар бойынша профессорлық-оқытушылық құрам мен ғылыми зерттеушілер үшін оқыту семинарлары мен вебинарларды ұйымдастыру және өткізу;
- кітапхана ішінде қызметкерлердің біліктілігін арттыру мақсатында семинарлар, вебинарлар, тренингтер ұйымдастыру және өткізу.
- кітапхана пайдаланушыларын, қонақтарды кітапханамен, Әл-Фараби музейімен (экскурсия өткізу) таныстыру;
- университеттің барлық бірінші курс студенттерін қамтитын кітапханалық-библиографиялық сабақтар мен оқу-танымдық экскурсиялар ұйымдастыру;
- Instagram және Facebook әлеуметтік желілерінде, Youtube бейнеплатформасы арнасында кітапхана қызметін насихаттап, танымал ету;
- жаңа кітаптардың виртуалды көрмелерін, виртуалды тақырыптық кітап көрмелерін рәсімдеу.
Орталық жетекшісі: Жайлаубаев Абзал Рысбекұлы
2-қабат, №204-кабинет
+ 7 (727) 377 33 33, ішкі нөмірі (3342)