Кітапханалық технологиялар басқармасы ақпараттандыру, автоматтандыру және компьютерлендіру саласындағы кітапхананың техникалық және өндірістік саясатын анықтау жұмыстарын атқарады.
Негізгі қызмет түрлері:
- қажетті бағдарламалық-техникалық құралдарды таңдау;
- автоматтандырылған жұмыс орындарын құру;
- ИРБИС64 автоматтандырылған кітапханалық-ақпараттық жүйесін енгізу, дамыту және жетілдіру;
- ИРБИС64 (автоматтандырылған кітапханалық-ақпараттық жүйе) дерекқорлар базасын басқару;
- дерекқорлар базасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету,
- кітапхана веб-сайтына қолдау көрсету, веб-сайт ішін толтыру;
- библиографиялық деректер қорын енгізу және оларды Кітапхана веб-сайтында жаңарту;
- кітапхананың электронды құжат мұрағатының функционалдығын қамтамасыз ету,
- кітапхана серверлерінде сақталған деректердің мұрағаттық көшірмелерін жүргізу,
- аппараттық және бағдарламалық жүйелерге жалпы жүйелік және техникалық қызмет көрсету, олардың жұмыс істеу ережелерінің сақталуын бақылау;
- кітапханалық-библиографиялық процестерді автоматтандыру құралдарын монтаждау және іске қосуды техникалық қадағалау;
- мақсатты және ұзақ мерзімді бағдарламаларды, ережелерді, жоспарларды және басқа да кітапханалық құжаттарды әзірлеу кезінде компьютерлік және бағдарламалық қамтамасыз ету мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу;
- ерекше құнды және сирек басылымдарды сканерлеу арқылы толық мәтінді электронды кітапхана құру.
Басқарма басшысы: Көлбаев Нұрболат Шағыманұлы
3-қабат, №303а-кабинет
+ 7 (727) 377 33 33 (1705)