«Аманжолов оқулары – 2024» І халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясы

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да, Әл-Фараби кітапхасында филология ғылымының докторы, профессор Алтай Аманжоловтың 90 жылдығына арналған «Аманжолов оқулары – 2024» халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясы тұңғыш рет өтті.Университеттің Түркітану мен алтайтану ғылыми-зерттеу институты, Әл-Фараби кітапханасы және филология факультетінің ұйымдастыруымен өткен бұл конференцияның мақсаттары ғылым тарихнамасына, ғалымдардың мұрасына және ең алдымен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры болған Алтай Сәрсенұлы Аманжоловтың еңбектерін зерттеу мәселелеріне ерекше назар аудару болды. Сондай-ақ қолжазбалар мен ертеде басылған кітаптарды сақтау және зерделеу, мұраны оқу және талдау, түркітану ғалымын дамытудың өзекті мәселелерін талқылауға арналған конференция 4 секция бойынша жұмыс істеді:

  • Профессор А.С. Аманжоловтың еңбектерінің зерттеу және білім беру парадигмасындағы маңызы
  • Университеттану, ғалымдар мен педагогтардың ғылыми мұрасы
  • Кітапханатану: дәстүрлі және сандық форматтағы кітаптар
  • Жазба тарихы: түркі руналарынан заманауи коммуникацияға дейін.

Конференция барысында Алтай Сәрсенұлы туралы отбасы мүшелері, бауырлары естеліктерімен бөлісті және ғалымның эпистолярлық мұрағатын Түркітану және алтайтану ғылыми-зерттеу институтына салтанатты түрде тапсырды. Сонымен қатар айта кететін жайт – Әл-Фараби атындағы кітапханаға Аманжоловтар отбасы сыйлаған Алтай Сәрсенұлының жеке кітапханасын кітаптар сараланып, жүйеленіп, кітапхананың екінші қабатындағы классикалық оқу залында «Алтай Аманжоловтың жеке кітапханасы» кітап бұрышы ашылды.
Одан бөлек, Әл-Фараби кітапханасы Сәрсен Аманжоловтың еңбектерінен, ол туралы еңбектерден, түркітану бойынша жұмыстардан, сондай-ақ көрнекті лингвист, Алтай Аманжоловтың әкесі – Сәрсен Аманжоловтың еңбектерінен тұратын кітап көрмесін ұйымдастырды.
«Кітапханатану: дәстүрлі және сандық форматтағы кітаптар» тақырыбында өткен секция отырысында кітапхана ісінің мамандары жиналып, кітапханатанудың, кітапхана ісінің, олардың ішінде кітап жинақтау, сақтау, цифрландыру мәселелерін талқылады.

Яндекс.Метрика