Қазақстан және Орталық Азия

Әл-Фараби кітапханасында Заң ғылымдарының докторы, профессор Бурханов Камал Низамұлының  70 жылдығына арналған «Үндістан және Еуразия елдеріндегі үндітану зерттеулерінің бүгіні мен келешегі» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

Осы іс-шараға байланысты әл-Фараби кітапханасы кітап көрмесін ұйымдастырды.

Көрменің мақсаты: іс-шараға қатысушыларды, қонақтарды, студенттерді Бурханов Камал Низамұлының еңбектерімен және халықаралық қатынастар саласындағы кітаптармен таныстыру

Көрме бөлімдері:

  • «Камал Бурханов 70 жаста»
  • «Камал Бурхановтың еңбектері»
  • «Қазақстан және Орталық Азия»

Камал Бурханов 70 жаста. Камал Низамұлы Бұрханов – танымал ғалым, белгілі тарихшы және саясаттанушы, В.И. Ленин атындағы Ташкент мемлекеттік университетінің түлегі (1977), тарих ғылымдарының кандидаты (1988), саяси ғылымдарының докторы (1997), профессор, Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуына елеулі үлес қосқан мемлекет және қоғам қайраткері. Камал Низамұлы өзінің еңбек жолында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық Университетінің тарих факультеті, философия және саясаттану факультеттерінің деканы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің заң факультетінің деканы, Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры қызметтерін атқарды. 2007–2016 жылдары ҚР Парламенті Мәжілісінің IV и V шақырылымдағы депутаты болды.

Камал Бурхановтың еңбектері. Көрменің бұл бөліміне Камал Бурхановтың еңбектері қойылды. «Политческая философия Евразийской концепции Н.А.Назарбаева», бұл монография тұңғыш Президентке арналған, «Через призму времени», «Совренменная политическая история Казахстана», Казахстан и сопредельные с ним государства в мире глобального транзита», «Китай между прошлым и будущим», « Государственная политика», «Религия и светское образование в Республике Казахстан» тағы басқа еңбектері қойылды.

Қазақстан және Орталық Азия. Орталық Азия – Кеңес Одағының ыдырауы нәтижесінде бұрынғы Орта Азия республикалары мен Қазақстан аумағында пайда болған геосаяси кеңістік. Геоаймақ ресми түрде 1993 жылы 4 қаңтарда Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстан Республикалары президенттерінің Ташкент қаласында өткен саяси, экономикалық ынтымақтастықты нығайту мәселелері жөніндегі басқосуында бекітілді. Орталық Азия болып аталуы – жер аумағының Еуразия құрлығының ортасында орналасуына және бұл елдердің тарихы, діні мен тілі, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпы, мәдениеті мен шаруашылығындағы жақындықтар, ұқсастықтардың көп болуына байланысты. Көрменің соңғы бөлімінде Қазақстан мен Орталық Азиядағы басқа елдер арасындағы ынтымақтастық туралы кітаптар ұсынылды.

Яндекс.Метрика