Тұрақты даму мақсаттары — жер шарын қорғау мен бейбітшілікті қолдау үшін қабылданған әлемдік мақсаттар. Тұрақты даму мақсаттары 2030 жылға дейін 17 мақсаттың жүзеге асырылуына жұмыс жасайды. Тұрақты даму мақсаттарының негізгі қағидасы «Ешкімді назардан тыс қалдырмау». Еліміздегі «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасы тұрақты даму мақсаттарына толығымен сай келеді деуге болады. Тұрақты даму мақсаттарының қағидасынан оған қол жеткізуге жауапкершілік тек Үкіметке жүктелмейтінін байқауға болады. Ғаламдық мақсаттарға қол жеткізу жолында елдегі азаматтық сектор, бизнес ғана емес, әр адамның белсенді қатысуы аса маңызды. Сонда ғана біз болашақ ұрпаққа қажет ресурстарды үнемдей отырып, тұрақты даму жолына қол жеткізе аламыз.
Осы іс-шараға байланысты әл-Фараби кітапханасы кітап көрмесін ұйымдастырды.
Көрменің мақсаты: іс-шараға қатысушыларды, қонақтарды, студенттерді тұрақты даму мақсатында әлеуметтік-экономикалық міндеттер мен қоршаған орта мәселелеріндегі тепетеңдікке қатысты кітаптармен таныстыру
Разделы выставки:
- Кедейлікті жою
- Аштықты жою
- Денсаулық пен амандық
- Сапалы білім – жарқын болашақ кепілі
- Гендерлік теңдік
- Таза су мен санитария
- Қолжетімді әрі таза энергия
- Лайықты жұмыс пен экономикалық өсу
- Индустриализация, инновациялар мен инфрақұрылым
- Теңсіздікті төмендету
- Тұрақты қалалар мен елді мекендер
- Жауапты тұтыну мен өндіру
- Климаттың өзгеруіне қарсы күрес
- Мұхит экожүйелерін қорғау
- Құрлық экожүйелерін қорғау
- Бейбітшілік, сот әділдігі мен мықты институттар
- Тұрақты даму мүдделеріндегі әріптестік
Кедейлікті жою
2030 жылға дейін жағдайы осал тұлғалардың өмір сүру қабілеттіліктерін көтеру және олардың климат өзгерісі салдарынан болған төтенше құбылыстар және басқа да экономикалық, әлеуметтік және экологиялық күйзелістер мен апаттар алдындағы қорғансыздықтарын азайту. Ұлттық, аумақтық және халықаралық деңгейлерде кедейлікті жою бойынша іс-шараларға қарқынды үлес қосуға көмектесу үшін, негізінде кедейлік мүдделерін және гендерлік аспектілерді ескеретін даму стратегиялары жатқан сенімді стратегиялық механизмдерді құру.
Аштықты жою
Аштықты жою, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тамақтануды жақсарту және ауыл шаруашылығын тұрақты дамытуға жәрдемдесу.
Денсаулық пен амандық
Міндеттер 2030 жылға дейін ана өлімінің ғаламдық коэффициентін төмендету 2030 жылға дейін нәрестелер мен бес жасқа дейінгі балалардың алдын алуға болатын өлімдерін тоқтату 2030 жылға дейін су арқылы жұғатын және басқа да жұқпалы аурулармен күресті қамтамасыз ету.
Сапалы білім – жарқын болашақ кепілі
Ауқымды және әділетті сапалы білім беруді қамтамасыз ету және барлығы үшін бүкіл өмір бойы оқу мүмкіндігін көтермелеу 2030 жылға дейін барлық қыздар мен ер балалардың талап етілетін және тиімді оқу нәтижелеріне жетуге мүмкіндік беретін ақысыз, сапалы және тең құқылы бастауыш және орта білімге ие болуын аяқтауды қамтамасыз ету.
Гендерлік теңдік
Гендерлік теңдікті қамтамасыз ету және барлық әйелдер мен қыздардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту.
Таза су мен санитария
Барлығы үшін су ресурстары мен санитарияның болуы мен тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету.
Қолжетімді әрі таза энергия
Қымбат емес, сенімді, тұрақты және заманауи энергия көздерінің барлығы үшін жаппай қолжетімділігін қамтамасыз ету.
Лайықты жұмыс пен экономикалық өсу
Алға бағытталған, ауқымды және тұрақты экономикалық өсуге, барлығы үшін толық және өнімді жұмыспен қамтуға және лайықты жұмысқа жәрдемдесу.
Индустриализация, инновациялар мен инфрақұрылым
Барлық елдерде, әсіресе дамушы елдерде ғылыми зерттеулерді жандандыру, өнеркәсіптік секторлардың технологиялық әлеуетін өсіру, инновациялық қызметті ынталандыру ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар саласында жұмыскерлер санын едәуір арттыру.
Теңсіздікті төмендету
2030 жылға қарай барлық адамдардың жасына, жынысына, мүгедектігіне, ұлтына, этникалық шығутегіне, дініне және экономикалық немесе басқа мәртебесіне қарамастан әлеуметтік, экономикалық және саяси өмірге белсенді араласуын заңнамалық жолмен қолдау және көтермелеу.
Тұрақты қалалар мен елді мекендер
2030 жылға қарай жеткілікті, қауіпсіз және қымбат емес тұрғын үйге және жаңа қызметтерге жалпыға ортақ қолжетімділікті қамтамасыз ету және қалың тоғайларды абаттандыру.
Жауапты тұтыну мен өндіру
Оңтайлы тұтыну мен өндіру үлгілеріне өтуді қамтамасыз ету.
Климаттың өзгеруіне қарсы күрес
Климаттың өзгеруі жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының негіздемелік Конвенциясының қатысушылары болып табылатын дамыған елдердің өздеріне қабылдаған климаттың өзгеру салдарының қауіптілігін жеңілдету бойынша сындарлы шараларды қабылдау. Ағарту, ақпаратты тарату және адамдар мен мекемелердің климат өзгерісінің қауіптілігін жеңілдету және салдарын әлсірету, оларға бейімделу және ерте ескерту бойынша мүмкіндіктерін жақсарту.
Мұхит экожүйелерін қорғау
Мұхиттарды, теңіздерді және теңіз ресурстарын орнықты даму мүдделерінде сақтау және оңтайлы пайдалану.
Құрлық экожүйелерін қорғау
Құрлық экожүйелерін қорғау және қалпына келтіру және олардың оңтайлы пайдаланылуына жәрдемдесу, ормандарды оңтайлы пайдалану, шөлейттенумен күрес, жердің азу процесін тоқтату және кері бұру және биоәртүрлілікті жоғалту процесін тоқтату.
Бейбітшілік, сот әділдігі мен мықты институттар
Тұрақты даму мүдделерінде бейбіт және ашық қоғамның құрылуына жәрдемдесу, барлығы үшін сот әділдігіне қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз ету және барлық деңгейлерде тиімді, есеп беруге міндетті және кең қатысуға негізделген мекемелерді құру. Ұлттық және халықаралық деңгейлерде құқық үстемдігіне жәрдемдесу және барлығын әділ сотқа тең қолжетімділікпен қамтамасыз ету.
Тұрақты даму мүдделеріндегі әріптестік
Экологиялық қауіпсіз технологияларды дамушы елдер өзара келісілген қолайлы шарттарда, соның ішінде жеңілдікті және артықшылықты шарттарда қабылдайтындай экологиялық қауіпсіз технологияларды даярлау, тапсыру, тарату және игеруге жәрдемдесу