Еуразия мен Үндістан индологиясының бүгіні мен болашағы

Әл-Фараби кітапханасында Қазаз ұлттық университеттің 90 жылдығына және шығыстану факультетіндегі хинди бөлімінің 25 жылдығына арналған «Үндістан және Еуразия елдеріндегі үндітану зерттеулерінің бүгіні мен келешегі» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

Осы іс-шараға байланысты әл-Фараби кітапханасы кітап көрмесін ұйымдастырды.

Көрменің мақсаты: іс-шараға қатысушыларды, қонақтарды, студенттерді Үндістан елі, тарихы, саясаты мен мәдениеті туралы кітаптармен таныстыру

Көрме бөлімдері:

  • «Ғажайып Үндістан — अद्भुत भारत»
  • «Тарих — өткеннің куәсі — भारतीय इतिहास»
  • «Сындырлы саясаты — भारतीय राजनीति»
  • «Мәдениет пен өркениет — संस्कृति और सभ्यता»
  • «Үндістан тілі мен әдебиеті — भारतीय भाषा और साहित्य»

Ғажайып Үндістан — अद्भुत भारत. Индология: Үнді субконтинентінде тұратын этникалық топтардың тарихын, тілдерін, материалдық және рухани мәдениетін зерттейтін кешенді гуманитарлық ғылым. Көрменің бірінші бөлімінде ғажайып Үндістан мемлекеті туралы «Ежегеодник» көп томдық жинақ, Махатма Ганди мен Джавахарлал Неру туралы кітаптар ұсынылды.

Тарих — өткеннің куәсі — भारतीय इतिहास. Тарих — біздің істеріміздің өткенінің куәсі, қазіргіміздің үлгісі мен өнегесі, ал болашағымыздың асыл қазынасы. Үндістан — әлемдегі ең көне елдердің бірі. Тарихы терең Үнді еліне байланысты кітаптар көрменің 2-бөлімінде ұсынылды. Бұл бөлімде сіз тәуелсіздіктеріне дейінгі және кейінгі кезенді сипаттайтын еңбектермен, көтерілістер жайында, бейбітшілікке жету жолындағы қиындықтар туралы жазылған «Индияда : жол әңгімесі», «Индия: неподвластное времени чудо», «Индия: 5000 лет истории» және т.б. еңбектермен таныса аласыз.

Сындырлы саясаты — भारतीय राजनीति. Бұл бөлімде Үндістан елі мен Қазақстан елінің арасындағы ынтымақтастық пен басқа елдермен қарым-қатынасы жайында кітаптар орналастырылды. Сонымен қатар экономикалық саясат, тіл саясаты және т.б. ел саясатын сипаттайтын «Индия добивается свободы» сынды  еңбектер ұсынылды.

Мәдениет пен өркениет — संस्कृति और सभ्यता. Көрменің 4-бөлім Үндістердің мәдениеттерінің бірі, махаббат хикаясы Тадж Махал туралы кітаптан басталып, қолөнері, археологиясы, этнографиясы және діні туралы «Древняя Индия : Язык. Культура», «Сказки народов Индии» және т.б.  еңбектер ұсынылды.

Үндістан тілі мен әдебиеті — भारतीय भाषा और साहित्य. Көрменің соңғы бөлімінде конференция барысындағы өткен секцияларға байланысты хинди лингвистикасының өзекті мәселелері; хинди тілінің тарихи байланыстары; хинди әдебиетінің даму тарихы; хинди тілін оқытудың әдістемесі тақырыптарында «Араб, парсы және хинди тілдеріндегі түркизмдер сөздігі», «Тілдік контактология: хинди тіліндегі кірме элементтер», «Түркі әлемінің шығыс елдерімен мәдени-тілдік байланысы», «Хинди-қазақ, қазақ-хинди сөздігі» кітаптары ұсынылды.

Яндекс.Метрика