Чарльз ДиккенсИз всех изобретений и открытий в науке и искусствах, из всех великих последствий удивительного развития техники на первом месте стоит книгопечатание.
Чарльз Диккенс әлем әдебиетінің классигі, ол тірі кезінде-ақ ең танымал ағылшынтілді жазушы атанған. Диккенс шығармашылығы реализмнің нағыз шыңы, әйтсе де оның романдарында сентименталдық бастама да, ертегі де көрініс тапқан. Диккенстің ең танымал романдары: «Посмертные записки Пиквикского клуба», «Оливер Твист», «Николас Никльби», «Дэвид Копперфилд», «Холодный дом», «Повесть о двух городах», «Наш общий друг», «Большие надежды» және «Тайна Эдвина Друда».
Әл-Фараби кітапханасында сирек кездесетін және құнды кітаптар арасында Чарльз Диккенстің 1906 жылы Лондондағы «Chapman and Hall limited» баспасында жарық көрген қырық томдық бірегей жинағы бар.
Бірегей басылымның тарихы
1906 жыл. Лондон. Бай және беделді «Чепмен и Холл» баспасының алқасы жазушы Чарльз Диккенстің 40 томдық шығармалар жинағын полиграфиялық сапасы жоғары кәдесый түрінде басу туралы шешім қабылдайды. Мұндай шешімге ұлы жазушы өзінің барлық шығармаларын 70 жыл бойы осы баспадан шығарғаны себеп болды. Иә, 1836 жылы әдеби ортада жүрген Чарльз Диккенс «Чепмен и Холл» баспасының есігін қақты. Баспагерлер тәуекелге барып, оның оқырмандар арасында үлкен табысқа жеткен кітабын шығарды. Содан бері Чарльз Диккенс өзінің барлық шығармаларын тек «Чепмен и Холл» баспасында жариялауды ұйғарды. Бұл баспа 1906 жылы жазушы шығармаларының толық жинағын шығарып, рухына құрмет көрсетті.
Сол кезде Лондонда 40 томдықтың небәрі 750 данасы басылады. Оның сапасы мен полиграфиялық безендірілуі көпшілікті тәнті етті. Мұқабасында «тек қана коллекционерлер үшін» деп жазылған бұл жиынтық көз алдымызда сатылып, уақыт өте келе өте құнды және сирек кездесетін рухани қазынаға, жазушыны құрметтейтін қауым үшін таптырмас сыйға айналады.
Бұл басылым әл-Фараби кітапханасына қалай келді?
Бұл бірегей басылым соғыстан кейінгі жылдардағы әл-Фараби кітапханасы қорының бір бөлігіне айналды. Кітапхана бұл жинақты Алматыдағы «Букинистен» сатып алды.
Бұл керемет рухани байлық. Мұндай сирек және таралымы аз басылымның құпиясы неде? Бұл кітаптың Алматыға қалай келгені туралы сұрақ туындайды. 1941-1943 жылдар аралығында Ленинград қаласы неміс әскерінің тұтқынына түскені белгілі. Сол кезде оның тұрғындарының кейбіреулері Қазақстанның астанасы Алматыға эвакуацияланды. Олардың арасында зиялы қауым көп болды. Солардың арасынан бір қарт әйел мұқтаждықтан «Букинистке» басылымды сатқан.
Қазір бұл кітаптар әл-Фараби кітапханасында академик Әбсаттар Дербісәлі атындағы сирек кітаптар мен қолжазбалар қорында сақтаулы.