Сирек кітаптар мен қолжазбалар қоры

Әл-Фараби атындағы кітапхананың сирек басылымдар мен қолжазбалар қорында 18 ғасыр мен 21 ғасырдың басы аралығында жарық көрген сирек кітап ескерткіштері бар және олардың саны 14350 дана кітап, олардың 801-і шағын кітапшалар.  

Қорда ғылымның математика, физика, химия, биология, география, тарих, тіл білімі, әдебиет, құқық, экономика сияқты барлық негізгі бағыттары бойынша басылымдар мен қолжазбалар сақталған.

Қорда 18-19 ғасырлардағы белгілі шетелдік кітап баспалары шығарған шет тілдеріндегі кітаптар бар, оның ішінде латын, неміс, француз, ағылшын, араб, шағатай, парсы, қытай тілдерінде, жалпы алғанда кітаптар 13 тілде кездеседі.

Бұл – араб, латын, кириллица қарпімен басылған ғылыми, тарихи, мәдени, көркемдік құндылығы бар баспа кітаптар, сондай-ақ шағатай, көне араб, парсы тілдеріндегі шығыс қолжазба коллекциялары.

Сирек қорда сонымен қатар анықтамалық басылымдар, энциклопедиялық сөздіктер, 18-19 ғасырларда жарыққа шыққан әлемдік классика жауһарлары бар.

Орта Азия зерттеушілерінің жарияланымдары, Семей статистикалық комитетінің есептері және өлке тарихы, экономикасы, географиясы, этнографиясы бойынша басқа да басылымдар өлкетанудың  баға жетпес құнды мұрағаты болып саналады.

1984 жылы кітапханамызда сирек кітаптарды сақтауға арналған бөлме бөлінді.

Сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар секторы ұйымдастырылды, кітапхананың жалпы қорынан тиісті басылымдар іріктеліп, оларға библиографиялық сипаттама беру, жүйелі және алфавиттік каталогтарды ұйымдастыру сияқты қормен жұмыс істеу басталды.

Кітап сыйлаушылар арасында әртүрлі мекемелер мен ұйымдар – Білім министрлігі, ғылыми қоғамдар, Мәскеу, Ленинград, Қазан университеттері, букинистік дүкендерден сатып алынған сирек кітаптар, бірақ жеке тұлғалардан түскен кітаптар көбірек болды.

2023 жылы сирек кітаптар мен қолжазбалар қорына академик Әбсаттар Дербісәлінің есімі берілді. Біздің бірегей раритет коллекциямыз Қазақстандағы университет кітапханаларының ішіндегі ең ірілерінің бірі және университеттің барлық ғылыми-зерттеу бағыттары бойынша сұранысқа ие екенін атап өткен жөн. 

Сирек қор кітаптары электрондық каталогта көрініс тауып, құнды басылымдармен үнемі толықтырылып отырады.

Әл-Фараби кітапханасының академик Әбсаттар Дербісәлі атындағы сирек кітаптар мен қолжазбалар қорында (library@kaznu.kz) көп жылдар бұрын жарық көрген, тіпті ғасырлар бойы сақталып келген басылымдармен танысуға болады.

Яндекс.Метрика