Түркітанушылардың II Халықаралық конгресі

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Әлемнің этнотілдік бейнесі және түркі мұрасы» атты II Халықаралық конгресс басталды. Әлемдегі этнотіл байлығын сақтау мен зерттеуге байланысты өзекті тақырыптарды талқылауға арналған жиында тәжірибелі түркітанушылар, лингвистер мен мәдениеттанушылар бас қосты.

Конгресті Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Түркология және алтаистика ғылыми-зерттеу институты және ҚР Ғылым академиясының А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты бірлесіп ұйымдастырды.

Осы іс-шараға байланысты әл-Фараби кітапханасы кітап көрмесін ұйымдастырды.

Көрменің мақсаты: оқырмандарды 1723-1727 жылдардағы Қазақстанның ең қайғылы кезеңінің тарихымен таныстыру, жастардың бойында патриоттық сезім қалыптастыру және қазақ халқының өткен тарихына құрмет көрсету.

Көрме бөлімдері:

  • «Түбі бір түркі тілі»
  • «Түркітану пәні»
  • «Түркі әлемінің тілдік бейнесі»

Түбі бір түркі тілі. Түркі тілдес елдердің арасындағы қарым қатынас деп осы бөлімді көрсетсек болады. Көрменің бұл бөлімінде түркі тілі мен көне түркі тілдерінің тарихы баяндалған еңбектер қойылды. Алтай Аманжолов, Әділ Ахметов, Ғұбайдолла Айдаров пен Махмұд Қашқаридың еңбектері осы бөлімде ұсынылған. Соңымен қатар Қ.Түймебаевтың Түркітану сериясында шыққан еңбектері ұсынылған.

Түркітану пәні. Түркітану немесе түркология – түркі тілінде сөйлейтін халықтардың тілін, этнографиясын, тарихын, ауыз әдебиетін, мәдениетін зерттеу нәтижесінде қалыптасқан. Шығыстану ғылымының жеке саласы. Түркітанудың пән ретінде дамуында XIX–XX ғ.ғ. зерттеле бастаған әдеби трактаттар мен филологиялық шығармалардың маңызы зор болды. Бұлардың қатарына түркі тайпалары туралы лингвистикалық, тарихи этнографиялық, фольклорлық деректерді жүйеге келтіре отырып жазылған алғашқы ғылыми еңбектер – Махмұт Қашқаридың «Диуани лұғат ат-түрк» атты сөздігі, Жүсіп Баласағұнидың «Құтадғу білік» атты әдеби дидактикалық шығармасы, ортағасырлық түркі халықтарының тарихынан, шығу тегінен мәліметтер берген Мұхаммед Хайдар Дулатитың «Тарихи Рашиди», Қыдырғали (Қадырғали) Жалайыридың «Жылнамалар жинағы», Рашид әд-Диннің «Жамиғ Ат-Тауарих», т.б. шығармалары жатады. Мұның бәрі XIX ғ-дың 2-жартысы мен XX ғ-дың 1-жартысында Түркітанудыңдың қалыптасып, орнығуына жағдай туғызды. Әлем халықтары ішінде түркі халықтары өзіндік тіл, тарих, мәдениет, салт-дәстүр ерекшеліктерімен айрықша орын алады. Түркітанушы қазақ ғалымдары қатарында А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, І.Кеңесбаев, Н.Сауранбаев, М.Балақаев, С.Аманжолов, Р.Сыздық, Ш.Сарыбаев, Р.Әміров, Ә.Құрышжанов, т.б. зерттеушілерді атауға болады.

Түркі әлемінің тілдік бейнесі. Түркі тілдері-Азия мен Шығыс Еуропада кең таралған тілдер. Түркі тілдерінің таралу аймағы солтүстік-шығыстағы Колыма өзенінің бассейнінен оңтүстік-батысқа қарай Жерорта теңізінің шығыс жағалауына дейін созылады. Сөйлеушілердің жалпы саны-195 миллионнан астам адам. Әр түрлі халықтардың тілдік ерекшеліктерін зерттеу лингвистиканың жаңа бағыты болып табылады. Бүгінгі таңда лингвомәдениеттану өзекті филологиялық және лингводидактикалық ғылымдардың арнасында, онда тілдің ұлттық-мәдени ерекшелігінің әртүрлі аспектілері зерттеледі.

Яндекс.Метрика