Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «I Аманжол Қасабек оқулары» аясында көрнекті ғалым, қоғам қайраткері, философия ғылымының докторы, профессор Аманжол Қасабекұлының 80 жылдығына және Философия күніне арналған «Қазақ философиясын зерттеудің әдіснамалық негіздері» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті.
Жиынды ашқан академиялық мәселелер жөніндегі проректор Ләззат Еркінбаева: «Аманжол Қасабек – қазақ философиясының тарихын зерттеудің әдістемелерін, оның шығу тегі мен негізгі даму кезеңдерін, жаңа түрдегі ойлау жүйесін танып-білудің философиялық мәселелерін анықтауға үлкен күш салған ғалым. Ұлттық философиямыздың өзіндік мән-маңызын айқындап, кеңістігін кеңейтуге негіз қалаған ғалымның мұрасы бүгін де аса өзекті, келешекте де маңызын жоймасы анық», – деді проректор.
Осы іс-шараға байланысты әл-Фараби кітапханасы кітап көрмесін ұйымдастырды.
Көрменің мақсаты: : студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми ізденісін арттыру, қонақтардың шығармашылық ойлары мен жаңаша идеяларын жүзеге асыруға ықпал ету. Көрнекті қайраткер,философия ғылымдарының докторы Аманжол Қасабековтың білім жолында қосқан үлесін таныстыру.
Көрме бөлімдері:
- «Профессор Аманжол Қасабеков 80 жаста»
- «Қазақ философиясы»
- «Қазақ халқының философиялық мұрасы»
- «Әлем философиясы»
Профессор Аманжол Қасабеков 80 жаста. Философия ғылымының докторы, профессор, Балтика педагогикалық академиясының құрметті академигі, Қазақстан Республикасы әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі, Халықаралық жоғары мектеп ғылым академиясының академигі, Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің құрметті профессоры Аманжол ҚАСАБЕК 5 сәуірде 1943 жылы Алматы облысы, Кербұлақ ауданының Бостан ауылында туған. 1991 жылдан әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің философия және саясаттану факультетінің деканы, кейінірек оқытушылардың біліктілігін арттыру институтының директоры-ҚазҰУ проректоры болды.
Қазақ философиясы.Аманжол Қасабеков қазақ философиясының тарихын зерттеудің тың методологиялық принциптерін, оның шығу тегі мен негізгі даму кезеңдерін, сонымен бірге жаңа түрдегі ойлау жүйесі мен элементтерін танып-білудің философиялық мәселелерін анықтауға үлкен күш салды. Қазақстан философтар одағының вице-президенті, Қазақ Ұлттық университетіндегі кандидаттық диссертация қорғалатын арнаулы Кеңестің төрағасы қызметін атқарды.
Қазақ халқының философиялық мұрасы. Шығыстың бай философиялық мұрасы, оның ішінде қазақ халқының философиялық ойы поэзияда, фольклорда, музыкада, ауыз әдебиетінде, мифологияда, мақал-мәтелдерде, қанатты сөздерде жатыр. Әлем мен адамды тану, тұлғаның өмірдегі орны мен рөлін анықтау философиялық және эти¬калық тұрғыдан жан-жақты зерделеулерге айрықша мән беру – қазақ фило¬софиясының ерекше сипаты болып табылады. Жалпы, қазақ философиясы – Шығыс философиясындағы адамның рухани жетілу, кемелдену, адам болу тұжырымдамасын әрі қарай жалғастыра отырып, оны өзіндік мазмұнмен байытқан даналық көзі.
Әлем философиясы. Әлемнің философиялық бейнесі адамның өмірі өтетін әлем туралы, оның материалдық және рухани, объективті және субъективті, табиғи және кездейсоқ, шекті және шексіздіктің тоғысуы деп айтуға болатындығын түсінуге мүмкіндік береді. Әлемнің бұл философиялық бейнесінің маңызды артықшылықтарының бірі — басқа әлем бейнелерімен салыстарғанда адамдардың әлемді кең, әрі жан-жақты қабылдауына ықпал етеді. Әлемнің философиялық бейнесінің жан-жақты сипаты философияның түпкі мазмұнынан туындайды, соның ішінде философия тарихы, онтология (болмыс туралы ілім), сана туралы ілім, таным теориясы (гносеология), аксиология (құндылықтар туралы ілім), экзистенциалды мәселелер, антропология, әлеуметтік философия, диалектика (метафизика), логика, этика, эстетика, ғылым философиясы және т.б. Сондықтан, әлемде оның философиялық тұрғыдан талданбайтын және қамтылмайтын бірде-бір саласы, қыры жоқ