Экономиканы декарбонизациялаудың жаңа жолы (KZGT-2023)

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Экономиканы декарбонизациялаудың жаңа жолы (KZGT-2023)» тақырыбында І халықаралық ғылыми конференция басталды. Тұрақты даму мақсаттарының 13-бағыты бойынша өткен іс-шараны Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Санкт-Петербор политехникалық университеті бірлесіп ұйымдастырды.

Пленарлық отырысқа Қырғыз Республикасының экс-президенті, Ресей Ғылым академиясының академигі, М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің профессоры Асқар Ақаев, РҒА Мұхиттану институтының ғылыми жетекшісі, физика-математика ғылымдарының докторы Роберт Нигматулин, профессор, э.ғ.д. Борис Порфирьев, РҒА корреспондент-мүшесі, экономика ғылымының докторы Александр Широв, РҒА Сібір бөлімшесі Көмір институтының директоры, профессор Владимир Клишин, Әлеуметтік ғылымдарды зерттеу жоғары мектебінің директоры Сапир Жак, Лиссабондағы Атлантикалық университетінің профессоры Тесселано Кампос, ҰҒА академигі Николай Буктуков, экономика ғылымының докторы Болат Құсайынов, қазақстандық және шетелдік ғалымдар, білікті сарапшылар, университеттің оқытушы-профессорлары мен білім алушы жастары қатысты.

Осы іс-шараға байланысты әл-Фараби кітапханасы кітап көрмесін ұйымдастырды.

Көрменің мақсаты: қонақтарға, конференция қатысушыларына Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықпен қарым қатынас туралы ақпатат беру.

Көрме бөлімдері:

  • Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тарихы
  • Қазақстан-Ресей қатынастары
  • Қазақстанның экономикасының дамуы
  • Экономиканы декарбонизациялау
  • Тұрақты энерго экологиялық даму

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тарихы. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті 90 жылдық тарихында жеткен жетістіктері мен еліміздің дамуына қосқан үлесі орасан зор. Бүгінде ҚазҰУ халықаралық ғылым және білім беру кеңістігінде өзінің лайықты орнын алып, жоғары білім саласындағы әлемдік көшбасшы университеттің біріне айналды. Бұл бөлімде университеттің тарихы мен жетістіктеріне арналған мерейтойлық басылымдар: ҚазҰУ шежіресі, университеттің ғалымдары, педагогтары туралы «Летопись» кітабы, ҚазҰУ түлектері, атақты қоғам қайраткерлеріне арналған «Элита» энциклопедиясы қойылды.

Қазақстан-Ресей қатынастары. Қазақстанның сыртқы саясатының басты бағыттарының бipi Ресеймен қарым-қатынас болып табылады. 1992 жылы қазан айында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында дипломатиялық қатынастар орнатылды. Бұл мемлекетпен біздің ел көп жылдар бойы тығыз ынтымақтастықта. Бүгінгі көрмеге осы екі ел арасындағы қарам-қатынас туралы Т.Мансұровтың «Қазаққстан-Ресей қатынастары өзгерістер дәуірінде»(Казахстанско-Российские отношения в эпоху перемен), «Қазақстан-Ресей қатынастары», «Россия-Казахстан на пути к интеграции» кітаптар қойылды.

Қазақстанның экономикасының дамуы. Экономика ұлттың дамуының басты басымдығы, ал экономикалық өсiмнiң тұрақты дамуы және мемлекеттiң әлемдiк рыноктағы орны бүгiнгi жаһандану заманында ел экономикасының бәсекеге қабiлеттiлiгi арқылы анықталады. «Брэнды Казахстана», «Трансформация экономики Казахстана», «Формирование ЕЭП» кітаптары қойылды.

Экономиканы декарбонизациялау. Экономиканы декарбонизациялау мемлекетке жоғары технологиялық салаларда жұмыспен қамтудың өсуін, қоршаған ортаның ластануының төмендеуіне байланысты денсаулыққа қауіп-қатердің төмендеуін, «жасыл» өнімдер мен қызметтердің әлемдік нарықтарына қатысудың кеңеюін қоса алғанда, айтарлықтай әлеуметтік, экономикалық және экологиялық пайда әкеледі. Бұл бөлімге «Управление жизнью на планете, В.Г.Сальниковтың «Эколого-климатический потенциал Казахстана», «Экологические проблемы использования возобновляемых и нетрадиционных источников энэргии», «Динамика изменения климата Казахстана», «Қоршаған ортаны қорғау мәселелері» кітаптары қойылды.

Тұрақты энерго экологиялық даму. XXI ғасырда ғылымның жаңа құндылықтарын игеру адамзат қоғамының дамуын жаңа биіктерге көтеріп, адамзат әлемін бір-біріне тығыз байланыстыруда. Жоғарғы технологиялар, ақпарат, әлемдік экономиканы игеретін жаңа ғасыр келді. Бұл бөлімге «Электр энергетикасындағы кәсіпкерлік қызмет», «Энергоэкологическая безопасность Қазахстана и новые возможности комплексного использования улгеводородных ресурсов», «Өнеркәсіптік желдету» т.б кітаптар қойылды.

Яндекс.Метрика