Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Инклюзивті білім беру мамандарын даярлау: стратегиялар, тұжырымдамалар, тәжірибе» атты Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция өтті.
Шара Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Қазақстан Республикасындағы инклюзивті білім беру саласындағы ұлттық стратегия ретінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттердің кәсіби өзін-өзі анықтауын қалыптастыру» жобасы шеңберінде ұйымдастырылды.
Конференцияға инклюзивті білім беру тәжірибесін дамытатын мамандар, ғалымдар, психологтар, педагогтар, оқытушылар, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, әлеуметтік-психологиялық оңалту және психологиялық-педагогикалық қолдау бойынша арнайы саладағы мамандарды даярлаудағы жетекшілер және білім алушылар мен олардың ата-аналары қатысты.
Осы іс-шараға байланысты әл-Фараби кітапханасы кітап көрмесін ұйымдастырды.
Көрменің мақсаты: қазіргі қоғам даму жағдайында осы проблеманы шешу маңыздылығын арттыру
Көрменің бөлімдері:
- Инклюзивті білім беру-өзекті мәселе
- Арнайы педагогика
Инклюзивті білім беру-өзекті мәселе. Инклюзивті білім беру – мүмкіндігі шектеулі бaлaлaрды оқытып-үйретудін бір формaсы. Нaғыз инклюзия білім берудің 2 жүйесін: жaлпы білім беруді және aрнaйы білім беру жүйелерін қaрaстырaды. Инклюзивтік білім беру – aдaмның негізгі құқығы және ол әділ қоғaмның негізін қaлaйды. Бaрлық білім aлушылaрдың білім aлу құқығы бaр. Инклюзивтік білім беру –білімнің жоғaры сaпaсын сaқтaй отырып, тиісті білім беру жaғдaйлaрын жaсaу aрқылы қол жеткізіледі. Көрмеге Магауова.А.С. «Этнопедагогика в системе профессиональной подготовки специалистов», Egemen Qazaqstan газеті 2022. – 2.09. Саин, А. «Балаларға бағытталған бірегей қолдау» атты мақаласы, Сатова А. К. «Экспериментальное исследование эмоциональной сферы и самосознания личности старшеклассников» Қазақстан жоғары мектебінде жарияланған мақаласы қойылды.
Арнайы педагогика. Арнайы педагогиканың нысаны арнайы оқыту, ол білім алуда ерекше қажеттіліктері бар тұлғаларға арнайы білім беру педагогикалық феномен ретінде қарастырылады және кемтар тұлғаның білім алу мәселесін шешуге бағыталған. Арнайы білім берудің субъектісі- мүмкіндіктері шектеулі тұлға. Арнайы педагогиканың пәні — арнайы оқытудын теориясы мен тәжірибесі. Арнайы педагогиканың негізгі максаты — дамушы тұлғанын әлеуметтенуге және өзіне-өзі қызмет көрсетуге үйретуін көздей отырып, мүмкіндігі шектеулі тұлға тәуелсіз және өз бетімен өмір сүру мен әлеуметтенудің жоғарғы деңгейіне қол жеткізу. Көрмеге Искакова, А. Т. «Подходы к эффективному управлению инклюзивным образованием в условиях дошкольной организации»,
Арнайы оқыту негізінде балалар жалпы ғылыми политехникалық білім негіздерімен қаруланып, эстетикалық, саяси мәдениеттілік, адамгершілік, экономикалық, әлеуметтік, психологиялық, еңбек даярлығын алады., іс-тәжірибе дағдыларын игереді.