ҚазҰУ кітапханасында Қытай-Орталық Азия жоғары оқу орындарының форумы өтті

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Бір белдеу – бір жол» бастамасының 10 жылдығына орай Қытай-Орталық Азияның жоғары білім беру саласындағы «Төртінші өнеркәсіптік революция: индустрия мен білім берудің интеграциясы» атты ынтымақтастық форумы өтті.

Ауқымды шараға ҚР Президентінің Кеңесшісі Мәлік Отарбаев, ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмет-Заки, Алматы қаласындағы ҚХР Бас консулы Цзян Вэй, Сиань Цзяотун университетінің Президенті Ван Шугуо, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев, ҚазҰУ Директорлар кеңесінің төрағасы Қайрат Мәми, шетел дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекеме басшылары, ҚХР және Орталық Азия жоғары оқу орындарының ректорлары, ғалымдар, оқу ордасының оқытушы-профессорлар құрамы мен білім алушы жастары қатысты.

Осы іс-шараға байланысты әл-Фараби кітапханасы кітап көрмесін ұйымдастырды.

Көрменің мақсаты: қонақтарға, көнференция қатысушыларына Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастықты, қарым қатынас туралы ақпатат беру.

Көрме бөлімдері:

  1. «Бір белдеу – бір жол»
  2. «Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастық»
  3. «Қазақстандағы қытайтану»
  4. «Аспанасты ел – Қытай»
  5. «Көршілес елдің әдебиеті»
  6. «Ғалымдарды біріктіру – табысқа апаратын жол»
  7. «Конфуций  институның кітаптары»

«Бір белдеу – бір жол». Жібек жолы бағыты бойынша орналасқан елдердің экономикалық интеграция стратегиясы 2013 жылдан бері Қытайды басқарып келе жатқан Си Цзиньпиннің негізгі жобаларының бірі болып саналады. Негізгі мақсат-инфрақұрылымды дамыту, жаңа көлік дәліздерін құру және бұрыннан барлардың өткізу қабілетін арттыру.

«Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастық»Бұл бөлімде кітапхана қорындағы ҚР мен ҚХР арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас тарихына, даму кезеңдеріне арналған кітаптар орналастырылды. Сонымен қатар, бұл бөлімде университетімізде елімізде, әлемде замануи ғылым мен техниканың, оның ішінде ғарышпен байланысты ғылымдардың дамуына арналған отандық, халықаралық, шетелдік зерттеулер орналастырылды.

«Қазақстандағы қытайтану». Қазақстандағы қытайтану»
Қытайтану – бүгінде әлемнің түкпір-түкпірінде кеңінен қанат жайып, тез өсіп келе жатқан елтану ғылымы. Қытай экономикасын, саясатын, философиясын, тілін, әдебиетін және мәдениетін зерттейтін ғылымдар жиынтығы; тар мағынасында – қытай тіл білімін, қытай тілі мен жазуын зерттейтін тіл білімінің саласы.

«Аспанасты ел – Қытай». Көрменің бұл бөлімінен Қытай елінің тарихына, әдебиетіне, мәдениетіне, тіліне, өткені мен қазіргі дамуына арналған кітаптар қойылды.

«Конфуций институның кітаптары». Көрменің бұл бөліміне Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультеті мен Конфуций Институтының кітаптары қойылды

Көрме құжаттары: кітапхана қорынан 140-дан астам кітаптар мен мерзімді басылымдар.

Фото: Марабей

Яндекс.Метрика