Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытай Халық Республикасына осы жылдың мамыр айында жасаған мемлекеттік сапары аясында Солтүстік-Батыс политехникалық университетінің филиалын ҚазҰУ-да ашу жөнінде келісім жасалған еді.
Екі ел Президенттерінің қатысуымен өткен кездесуде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев пен ҚХР-дың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Чжан Сяо ынтымақтастық орнату және филиал ашу туралы келісімге қол қойған болатын. Аталған келісім негізінде 12 қазанда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ҚХР Солтүстік-Батыс политехникалық университетінің филиалы ашылды.
Салтанатты шараға ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев, ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов, Солтүстік-Батыс политехникалық университеті Кеңесінің Төрағасы Ли Янронг бастаған делагация, ҚХР Қазақстандағы Бас консулы Цзян Вэй, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев, ЖОО ректорлары, ғалымдар, оқу ордасының оқытушы-профессорлар құрамы мен білім алушы жастар қатысты.
Осы іс-шараға байланысты әл-Фараби кітапханасы кітап көрмесін ұйымдастырды.
Көрменің мақсаты: қонақтарға, көнференция қатысушыларына Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастықты, қарым қатынас туралы ақпатат беру.
Көрме бөлімдері:
- «Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастық»
- «Қазақстандағы қытайтану»
- «Аспанасты ел – Қытай»
- «Көршілес елдің әдебиеті»
- «Ғалымдарды біріктіру – табысқа апаратын жол»
- «Конфуций институның кітаптары»
«Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастық».Бұл бөлімде кітапхана қорындағы ҚР мен ҚХР арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас тарихына, даму кезеңдеріне арналған кітаптар орналастырылды. Сонымен қатар, бұл бөлімде университетімізде елімізде, әлемде замануи ғылым мен техниканың, оның ішінде ғарышпен байланысты ғылымдардың дамуына арналған отандық, халықаралық, шетелдік зерттеулер орналастырылды.
«Қазақстандағы қытайтану». Қытайтану – бүгінде әлемнің түкпір-түкпірінде кеңінен қанат жайып, тез өсіп келе жатқан елтану ғылымы.Қытай экономикасын, саясатын, философиясын, тілін, әдебиетін және мәдениетін зерттейтін ғылымдар жиынтығы; тар мағынасында – қытай тіл білімін, қытай тілі мен жазуын зерттейтін тіл білімінің саласы.
«Аспанасты ел – Қытай». Көрменің бұл бөлімінен Қытай елінің тарихына, әдебиетіне, мәдениетіне, тіліне, өткені мен қазіргі дамуына арналған кітаптар қойылды.
«Конфуций институның кітаптары». Көрменің бұл бөліміне Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультеті мен Конфуций Институтының кітаптары қойылды
Көрме құжаттары: кітапхана қорынан 130-дан астам кітаптар мен мерзімді басылымдар.
Фото: Марабей