Кемел Тоқаев қазақ детективінің атасы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистка факультетінде жазушының 100 жылдығына арналған Кемел Тоқаев атындағы аудитория ашылды.

Осы іс-шараға байланысты әл-Фараби кітапханасы кітап көрмесін ұйымдастырды.

Көрменің мақсаты: әл-Фараби кітапханасының қорында сақталған қазақ жазушысы, Қазақстандағы детектив жанрының негізін қалаушы Кемел Тоқаевтың өмірбаяны мен шығармашылығы туралы материалдармен таныстыру.

Көрме бөлімдері:

  • «Кемел Тоқаевқа – 100 жыл»
  • «Көркем ойдың кемелі»
  • «Қазақ детективінің атасы»
  • «Майдангер жазушылар»

«Кемел Тоқаевқа – 100 жыл». Кемел Тоқаев-Екінші дүниежүзілік соғыстың қатысушысы. Ол ата-анасынан ерте айырылып, ағасы Қасыммен бірге балалар үйінде тәрбиеленді. Алапат аштықтан кейін сұрапыл соғыс келіп жалындаған жастық шағында майданға аттанады. Майдангер жазушы ретінде соғыс тақырыбын, соғыс жылдарындағы трагедияны қамтыды. Кеңес заманында кітаптары ең көп оқылып, әдебиетте аты алтын әріппен жазылған қаламы қарымды жазушы, ақтаңгер журналист атанады.

Жазушы сонымен қатар қазақ әдебиетіндегі детектив жанрының ізашары. Кемел Тоқаевтың  «Сарғабанда болған оқиға», «Түндегі жаңғырық» деген повестері, әңгімелері – шын мағынасында детектив жанрындағы шедеврлер.   Соныен қатар көрмеге каламгердің бес томдық «Таңдамалы» атты, жаңартылып басылып шыққан шығармалар жинағы қойылды. Бұл жинақтарда оқырманды баурап алар шытырман оқиғалы көптеген романдары, повестеттері кірген.

«Көркем ойдың кемелі». Екінші бөлімде мерзімді басылымдар беттеріне шыққан мақалалар ұсынылды. Оларда ұлт журналистикасының кәсіби деңгейге көтеруге атсалысқан сара сөздің сардары, белгілі публицист, тұңғыш қазақ детектив жазушысы Кемел Тоқаевтың ұлт руханияты үшін еткен еңбегінен, ғибратты ғұмырынан сыр шертеді.

«Қазақ детективінің атасы». Экспозицияның осы бөлімінде шығармашылығы, ұлт руханияты, оның өмірі, детектив жанрының тұңғыш қазақ жазушысы Кемел Тоқаевтың шығармалары туралы мерзімді баспасөзде жарияланған мақалалар мен материалдар ұсынылған. Кемел Тоқаев оқиғаларды ойдан шығарып, жасанды тартыс құрып, шығарма жазған емес.

«Майдангер жазушылар». Ұлы Отан соғысы жылдар бойы жазушылар мен ақындар үшін өзекті тақырып болды. Бұл бөлімде майдангер-жазушылардың, К. Тоқаевтың замандастарының шығармалары қойылды. Бұл Б.Момышұлы, М. Ғабдуллин, Қ. Қайсенов, Қ. Аманжолов, И. Байзақов, Б. Бұлқышев, А. Шәріпов, А. Нұршайхов, Ж. Молдағалиев және т. б. кітаптары ұсынылды. Олардың шығармалары отандық және әлемдік әдебиеттің алтын қорында лайықты орын алады.

Көрме құжаттары: кітапхана қорынан 80-нен астам кітаптар мен мерзімді басылымдар.

Сондай-ақ әл-Фараби кітапханасында өткен іс-шараларды сілтеме арқылы көре аласыз: осы жерде

Яндекс.Метрика