Алтай халықтарының жер-су атаулары

2023 жылғы 4-7 шілде аралығында университетімізде ғылымды дамыту, ғалымдар арасында тәжірибе алмасу, университеттің беделін арттыру  мақсатында Алтай қауымдастығы академиясының “Алтай халықтарының жер-су атаулары” атты ХІ Халықаралық симпозиумы өтті.

Көрмеге кітапхана қорындағы көне түркі жазба ескерткіштерінен бастап,  қазіргі алтаистика, түркология, қазақ тіл біліміне, Алтай халықтарының жер-су атауларына арналған 200-ге жуық астам құжат қойылды.

Осы іс-шараға байланысты әл-Фараби кітапханасы кітап көрмесін ұйымдастырды.

Цель выставки: ознакомление участников и гостей международного симпозиума с книгами, посвященными современной  алтаистике, тюркологии, казахскому языкознанию, топонимике алтайских народов.

Көрменің мақсаты: халықаралық симпозиум қатысушылары мен қонақтарына қазіргі алтаистика, түркітану, қазақ тіл білімі, Алтай халықтарының топонимикасына арналған кітаптармен таныстыру.

Көрме бөлімдері:

  • «Алтай тіл білімі»
  • «Көне түркі жазба мұрасы»
  • «Тамыры терең түркі тілдері»
  • «Орыс тіліндегі түркітану»

Алтай тіл білімі. Бұл бөлімде кітапхана қорындағы Алтай өңіріне, мекендеген халықтарының тарихына, мифологиясына, тілдеріне арналған кітаптар орналастырылды. Мысалы, белгілі түрколог ғалым А.С. Аманжоловтың еңбектерімен, Г. Қортaбaевaның «Түркі мифологиясы», М. Ескееваның «Түркі тілдерінің жүйесіндегі қазақ тілі» кітаптарымен және т.б. көптеген ғалымдардың жұмыстарымен танысуға болады. Бір қатар кітап – тілші ғалым, университетіміздің ректоры Ж. Түймебаевтың «Түркітану» сериясымен шыққан түркі тілдерінің салыстырмалы-тарихи грамматикасына арналған «Алтаистиканың тарихи-лингвистикалық негізі», «Көне түркі жазба ескерткіштері тілінің морфологиялық жүйесі», т.б. еңбектері қойылды.

Көне түркі жазба мұрасы. Көрменің бұл бөлімінен көне түркі Орхон-Енисей жазба ескерткіштерінің мәтіндері, қазіргі қазақ тіліне аудармасы және осы жазба ескерткіштеріне арналған кітаптар қойылды, сонымен қатар белгілі түрколог ғалымдардың  жалпы көне түркі тілдерін, жазбасын зерттеуге арналған еңбектері орын алған. Олардың ішінен А. С. Аманжоловтың «История и теория древнетюркского письма» (2010 ж.) деген ғылыми зерттеуін, ортағасырлық түркі ғалымы, лексикографы Махмұт Қашқаридің «Түрік сөздігін» көруге болады.

Тамыры терең түркі тілдері. Бұл бөлімде түркі тілдік тобына жататын тілдерге (қазақ, қырғыз, түркімен, татар, әзірбайжан, т.б. тілдерге арналған зерттеулер  орналастырылды.

Орыс тіліндегі түркітану. Бұл бөлімде кітапхана қорында сақталған белгілі В.В. Радлов, С.Е. Малов,  Н.А. Баскаков, т.б. көптеген түркологтардың еңбектері орын алды. Атап айтқанда, В.В. Радловтың «Опыт словаря тюркских наречий», орыс совет ғалымы Н.А. Баскаковтың «Тюркская лексика в «Слове о полку Игореве» (1985) деген еңбектері, т.б. кітаптар.

Көрме құжаттары: кітапхана қорынан 120-дан астам кітаптар мен мерзімді басылымдар.

Сондай-ақ әл-Фараби кітапханасында өткен іс-шараларды сілтеме арқылы көре аласыз: осы жерде

Яндекс.Метрика