Едіге Тұрсыновтың туғанына 80-жыл

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде көрнекті ғалым, этнограф, түркітанушы Едіге Тұрсыновтың туғанына 80 жыл толуына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті. «Едіге Тұрсыновтың ғылыми мұрасы қазіргі гуманитарлық ғылымдардың әдіснамалық контексінде» деген атаумен ұйымдастырылған шараға отандық және шетелдік филолог-ғалымдар, оқытушы-профессорлар мен студент жастар қатысты.

Осы іс-шараға байланысты әл-Фараби кітапханасы кітап көрмесін ұйымдастырды.

Көрменің мақсаты: Қонақтарды, ОҚП, студенттеді кітапхана қорындағы Едіге Тұрсыновтың еңбектерімен және ол туралы құжаттармен таныстыру.

Көрме бөлімдері:

  • «Едіге Тұрсыновтың туғанына 80 жыл»
  • «Е.Тұрсыновтың еңбектері»

«Едіге Тұрсыновтың туғанына 80 жыл». Едіге Дәріғұлұлы Тұрсынов 1942 жылы, 10 шілдеде Алматы қаласында дүниеге келген. Арғын тайпасының Қаракесек руынаң шыққан. Е.Тұрсынов – әдебиеттанушы-фольклорист, филология ғылымдарының докторы. Едіге Дәріғұлұлының түркі-моңғол фольклоры, эпостану, мифология және этнографияны зерттеуге баға жетпес үлес қосты. Ғалымның ғылыми-әдістемелік қағидаттары бүгінде түркі-моңғол фольклортануы, музыкатану, этнопсихология, этнография және эпостану сияқты бірқатар гуманитарлық ғылымдарды зерттеуде кеңінен қолданылатынын алға тартты.

Едіге Дариғұлұлының «Қазақтың тұрмыстық ертегілерінің генезисі», «Қазақ ауыз әдебиетін жасаушылардың байырғы өкілдері» сынды іргелі зерттеулері Қазақстанда ғана емес, шетелде де мойындалып, үлкен сұранысқа ие болды. Бұл еңбектерінде қазақ ғалымы алғаш рет Сібір және түркі-моңғол халықтарының мыңжылдық салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрпын, эпостары мен ауыз әдебиетін, тілін, музыкасын жаңа ғылыми ұстанымдар тұрғысынан зерттеді.
«Древние типы носителей казахского фольклора (генезис и типология)» тақырыбында докторлық диссертация қорғады.
Оның ғылыми-зерттеу еңбектерінің негізгі бағыты – қазақ фольклорының көне дәуірдегі типтері, ақын-жыраулық дәстүр мен айтыс жанрының қалыптасуы, фольклор таратушылардың (ақын, сал, сері, жырау, сыншы, т.б.) пайда болу тарихы мәселелері.

Көрме құжаттары: кітапхана қорынан 29-дан астам кітаптар мен мерзімді басылымдар.

Сондай-ақ әл-Фараби кітапханасында өткен іс-шараларды сілтеме арқылы көре аласыз: осы жерде

Яндекс.Метрика