Әл-Фараби кітапханасында журналистика факультеті «Media Vision–2023» форсайтын өткізді.
Форсайт Media Vision – медиа және коммуникацияның даму трендтерін бағалайтын шығармашылық идеялар мен жүйелік болжам платформасы. Идеялар мен трендтерді мобилизациялау қатысушыларға БҰҰ-ның өңірлердегі орнықты даму мақсаттарының әлеуетін инвестициялай отырып, Орталық Азиядағы медиа ресурстарды дамытуға мүмкіндік береді.
Осы іс-шараға байланысты әл-Фараби кітапханасы кітап көрмесін ұйымдастырды.
Көрменің мақсаты: Қонақтарды, ОҚП, журналистерді, репортерларды, медиа және ақпараттық агенттіктердің мамандары мен студенттерін кітапхана қорындағы журналистика саласына қатысты трендтерді талқылау, коммуникациялардың тұрақты дамуы, идеяларды қалыптастыру ақпаратын қамтитын еңбектермен және конференция тақырыбына байланысты зерттеу жұмыстарымен таныстыру.
Көрме 5 бөлімнен тұрады:
- «Ұлт сөзгерлері»
- «Медиа және ақпараттық сауаттылық»
- «Қазақстандағы PR»
- «Бұқаралық коммуникация»
- «Ұлттық арна ұлағаты»
Ұлт сөзгерлер. Журналистика – қоғамның келбеті, жақұт көзі және тілі, елдің жүрегі. Қастерлі мамандық тарихы тереңде. Жалпы, сарапшылар журналистика 46 мамандықтың басында тұр деген пікірді айтады. Тілшілер қосынының қалам тербемейтін саласы жоқ. 125 жылдық бай тарихы бар қазақ журналистикасының тарихына бүгінгі күн тұрғысынан көз жіберіп, тың байламдар жасап, жаңаша ой қозғаған «Қазақ журналистикасының тарихы», интернет журналистикасының қалыптасуы мен дамуына зерттеу жүргізіді көздеп жүргендер үшін пайдалы әдістемелік және тәжірибелік құрал деп, әрбір журналисттің жаңа медиаға деген көзқарасына өзгеріс енгізіп, оны меңгеруге көмектесетін «Сандық журналистика» оқу құралы және де осы сынды т.б. мақалалар мен кітаптар ұсынылды.
Медиа және ақпараттық сауаттылық. Қазірігі мультимедиалық журналистиканың даму бағыттары, әлемдік және отандық медиа кеңістікте зерттелуі жан-жақты қарастырылған, мультимедиалық контентті оңтайландыру жолдары ұсынылған «Мультимедиалық журналистика», «Масс-медиа: этнос имиджінің тілдік деректері», «Меди және ақпарттық сауаттылық», «Сөз бостандығы және Mass Media» және т.б. ғылыми еңбектер көрмеге қойылды.
Қазақстандағы PR. PR тәжірибесінің ұзақ та бай тарихына қарамастан,қазіргі қоғамда оның қызметтері мен институционалдық анықтамасы әлі де болса ашық сұрақ болып қалып отыр, зерттеушілер мен мамандар арасында осыған байланысты көптеген пікірталастар өз жауабын тапқан емес. АҚШ пен Батыс Еуропа елдерінде сонау өткен ғасырда пайдд болған,бұл өнер мен ғылым үйлесуінің санысыз анықтамаларының болғаны да осыны көрсетеді. Дегенмен, PR дамуының қазіргі кезеңіндегі PR ғылымының мәселелерінің өзектілігі қарқынды дамып келе жатқан құбылыстың мәні арқылы айқындалады. Осы айтылған мәселелер қамтылып, оқырман назарына ұсынылған «Қазақстандағы PR және БАҚ», «Связь с общественностью», «PR теориясы мен практикасы» және т.б. еңбектер көрмеде өз орнын тапты.
Бұқаралық коммуникация. Бұқаралық коммуникация саласындағы теориялық білімдердің жан-жақты зерттеліп, оның бұқаралық коммуникация құралдары арқылы жүзеге асуы жайлы тұжырымдардың мәні кеңеюде. Бұқаралық ақпарт құралдары жүйесінің қалыптасуы жаңа сипатта өрбуіне, даму динамикасы және оны жүзеге асыру механизмдерін жетілдіру жайлы сипатталған «Бұқаралық коммуникацияны зерттеудің қазіргі әдістері», «Бұқаралық коммуникацияның негіздері мен тәжірибесі», «СМИ Евразии», т.б. еңбектер көрмеге қойылды.
Ұлттық арна ұлағаты. Ұлттық телевизия тарихын түгендеуге үлес қосу үшін алдағы кезде тележурналистер мен редакторлар, режиссерлер, операторлар, техник қызметкерлер, дикторлар мен комментаторлар, сондай- ақ жарықпен компьютермен безендірушілер туралы жеке-жеке жинақтар оқырман назарына ұсынылды.
Көрменің оқырмандық бағыты: Университетке іс-шараға жиналған дінтанушы, сарапшы, зерттеуші, ізденуші қауым, кітапхана пайдаланушылары – студенттер мен профессорлық-оқытушылық құрам, докторанттар, магистранттар, кітапхана қызметкерлері т.б.
Көрменің безендірілуі: Фотосуреттер, дәйексөздер.
Сондай-ақ әл-Фараби кітапханасында өткен іс-шараларды сілтеме арқылы көре аласыз: осы жерде