Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстан мен Түркияның радикализмнің алдын алудағы тәжірибесін саралау бойынша Қысқы мектеп басталды.
Осы іс-шараға байланысты әл-Фараби кітапханасы кітап көрмесін ұйымдастырды.
Көрменің мақсаты: Қонақтарды, студенттерін кітапхана қорындағы радикализм, терроризм, экстремизмге қатысты ақпаратты қамтитын еңбектермен және конференция тақырыбына байланысты зерттеу жұмыстарымен таныстыру.
Көрме 4 бөлімнен тұрады:
- Радикалды діни ағымдар идеологиясы
- Діни сана
- Дәстүрлі ислам
- Зайырлы еліміздің заңы
Радикалды діни ағымдар идеологиясы. Радикалдар қатарына тарту жолдарына, радикалдардың ортақ құндылықтарына, радикалдану себептеріне, жалпы демографиялық көрсеткіштеріне, радикалдардың таралу географиясына бөлініп, сарапталған еңбектер көрініс тапқан «Распространение идей религиозного радикализма», «Қазіргі дәстүрден тыс діни қозғалыстар мен культтер», «Traditional beliefs and superstitious rites of the kazakhs» және т.б. мақалалар мен кітаптар ұсынылды.
Діни сана. Дін – адамзат қоғамындағы аса күрделі де маңызды әлеуметтік-мәдени сана. Дінге деген көзқарас әр кезеңде әр қоғамда сан алуан болып келген. Ал діни ұстанымдар негізінде қалыптасқан сенім жастардың қоршаған ортамен, басқа адамдармен санасы мен дүниетанымы бойынша қалыптасады. Қазіргі таңда қоғамның тұрмыс-салты мен дүниетанымының жүйесі ретіндегі діннің рөлі айтарлықтай өсті. Діннің қоғамдық қатынастарға, қоғам санасының діни компонентін қалыптастыруға ықпал ету әсері күшейіп, кеңейе түсуде. Халықтың әртүрлі топтар өкілдерінің рухани, соның ішінде діни өмір салтына деген қызығушылығы артуда. Аталмыш тақырыпта өзекті мәселелерді қамтыған «Дінтану», «Ways to God», «История религий в Казахстане», «Қазіргі заманғы дінтану», «Имани гүл», «Діни философия» сынды және т.б. еңбектер көрмеге қойылды.
Дәстүрлі ислам. Түркі халықтары өз болмыстарында соңғы дін – Исламды қабылдап, шынайы ақиқатқа қол жеткізгенге дейін бірнеше дінді ұстанғандығы тарихтан белгілі. Ислам күнделікті тіршіліктің күрделі мәселелеріне ұтымды әрі дұрыс жауап береді. Ғасырлар қойнауынан жетіп тәуелсіз елдің ұландарын ізгілік пен туралыққа шақырған ортағасырлық бұл мәтіндер, ой түйіндері жазылған «Исламская философия, «Құран», « Исламдық дереккөздерді интерпретациялау әдістері», «Хадис әдістемесі», «Дәстүрлі ислам жауһарлары» және т.б. еңбектер көрмеде өз орнын тапты.
Зайырлы еліміздің заңы. Мақсаты немесе іс-әрекеті Республиканың конституциялық құрлысын күштеп өзгертуге, оның тұтастығын бұзуға, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты қоздыруға бағытталған қоғамдық бірлестіктер құруға және олардың қызметіне, сондай-ақ заңдарда көзделген әскерилендірілген құрамалар құруға тиым салатын заңдар көрмеге қойылды.
Ұйымдастырушы: Әл-Фараби атындағы кітапхана
Көрменің оқырмандық бағыты: Конференция қатысушылары, журналистер, студенттер мен профессорлық-оқытушылық құрам, докторанттар, магистранттар, т.б.
Көрме құжаттары: кітапхана қорынан 120-ға жуық кітап, мерзімді басылымдар.
Сондай-ақ әл-Фараби кітапханасында өткен іс-шараларды сілтеме арқылы көре аласыз: осы жерде