Телевизиялық менеджмент

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Қазақ телевизиясының 65 жылдығына арналған «Телевизиялық менеджмент: тәжірибе және ғылыми көзқарас» атты ғылыми-әдістемелік конференция өтті.

Телеарналар бірденен барлық қалада ашылған жоқ. Алғаш Алматыда Қазақ телевизиясының қабырғасы қаланды, 1958 жылы 16-наурыз күні Өскемендегі телестудия да хабар тарата бастады. Іле-шала 31 тамыз күні Қарағандыда, 1959 жылы – Жезқазғанда, 1960 жылы – Петропавл мен Ақтөбеде облыстық студиялар ашылды. 1964 жылы – Орал мен Целиноградта, 1 жылдан соң 1965 жылы – Семей мен Павлодарда, 70-ші жылы Ақтауда жергілікті телеарналардың іргетасы қаланды. Тәуелсіздік таңы атқан тұста Жамбыл, Шымкент, Атырау, Қостанай, Қызылорда, Көкшетау секілді сол кездегі 19 облыс орталығының бәрінде толық телестудиялар ашылды.

Осы іс-шараға байланысты әл-Фараби кітапханасы кітап көрмесін ұйымдастырды.

Көрменің мақсаты: конференцияға қатысушыларды, студенттерді, магистранттарды кітапхана қорындағы журналистикаға қатысты кітаптармен таныстыру.

Көрме 3 бөлімнен тұрады
  • «Ұлттық арна ұлағаты»
  • «Қазақ телевизиясы»
  • «Сөз өнері»

Ұлттық арна ұлағаты. 2023 жылы 8 наурызда бұқаралық ақпарат құралдарының бір саласы – теле­визияның біздің ортамызға табан тірегеніне 65 жыл толды. Көрменің бірінші бөліміне осыған байланысты кітаптар қойылды, соның ішінде  «Ұлттық арнаның ұлағаты» атты кітабы қойылды,бұл кітап әр жылдары мемлекеттік комитет, ұлттық компания, корпорацияда жұмыс істеген, телевизияны басқарған азаматтардың өміріне арналған. Бұл тұлғалардың бәрі дерлік ұлттық телевизияның қалыптасуына, өркендеп дамуына үлес қосқандығы баяндалады.

Қазақ телевизиясы. Бұл бөлімге қазақ телевизиясына қатысты : М.Барманқұловтың «Телевизия:ақша ма, әлде билік пе?», М.Бекбауовтың «Көгілдір Экран», С.Барлыбаеваның «Телевидение в мире и в Казахстане», Ә.Молдабековтың «Хабардың бес белесі» т.б кітаптар қойылды.

Сөз өнері. Тележурналистика- камера алдында бой түзеп,  халыққа ұтымды ой айта білу. Ал журналист- осы ұтымды ойды саралап, бағамдап,  мәселені жаңалық түрінде жеткізетін маман. Кез- келген отандық немесе шетелдік арналарда әр бағдарламаның өз жүргізушісі болады. Бұл бөлімге журналистикаға қатысты кітаптар қойылды.

Ұйымдастырушы: Әл-Фараби атындағы кітапхана

Көрменің оқырмандық бағыты: Шара қатысушылары, журналистер, студенттер мен профессорлық-оқытушылық құрам, докторанттар, магистранттар, т.б.

Көрме құжаттары: кітапхана қорынан 65-ке жуық кітап, мерзімді басылымдар.

Сондай-ақ әл-Фараби кітапханасында өткен іс-шараларды сілтеме арқылы көре аласыз: осы жерде

Яндекс.Метрика