Халқының жүрегімен жырлаған

2022 жылдың 9-желтоқсанында Әл-Фараби атындағы кітапханаlf ақын Шөмішбай Сариевтің «Ғибратты ғұмыр» кітабының тұсаукесері өтті.

Шөмішбай Сариев (1946-2021) – 1946 жылы 15-сәуірде Қызылорда облысы, Арал ауданы, Шөміш стансасында туған. Қамбаш орта мектебін бітірісімен, Қазалы аудандық «Ленин туы» және Арал аудандық «Толқын» газеттерінде қызмет атқарған. 1971 жылы ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірген. 1970–1974 жылдары «Қазақстан» баспасында редактор, «Жұлдыз» журналында бөлім меңгерушісі, Қазақстан Республикасы ҰҒА-ның М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер болған. 1996 жылы «Қазіргі қазақ лирикасының ізденістері» атты тақырыпта ғылым кандидаты дәрежесін иеленді. «XX ғасырдың жиырмасыншы жылдардағы поэзиясы» атты монография жазған. Өмірінің соңына дейін М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында аға ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді.

Осы іс-шараға байланысты әл-Фараби кітапханасы кітап көрмесін ұйымдастырды.

Көрменің мақсаты: Шараға қатысушыларды, профессорлық-оқытушылық құрамды, университет студенттерін Ш. Сариевтің өнегелі өмір жолымен, шығармаларымен, сондай-ақ ақынның замандастарының, шәкірттерінің, журналистердің жазушы туралы жазған жұмыстарымен, жарияланымдарымен таныстыру.

Выставка состоит из 3-х частей:
  • «Өлең сөздің ерен жүйрігі»
  • «Ұлы дала қаламгерлері»
  • «Ұлттық журналистика темірқазығы»

Өлең сөздің ерен жүйрігі. Көрменің 1-бөліміне Ш. Сариевтің төл шығармалары, кітаптары қойылды. Атап айтар болсақ: «Теңізден соққан жел» (Алматы, 1975) – автордың бұл кітабында адам жанының нәзік пернелерін басатын лирикалық өлеңдері мен «Ұлылық» атты поэмасы ұсынылған. «Біздің ғасыр» кітабына ақынның өлеңдері мен «Дәрігердің үш оқиғасы», Өнер құдіреті» атты поэмалары мен балладалары енген. Ақын бүгінгі замандастарының азаматтық тұлғасы, адамгершілігі мен достығы, сүйіспеншілігі туралы жырлайды. Сонымен қатар келушілер назарына елін сүйген патриот жанның Қазақстанның тәуелсіздігіне арнап халқына сыйлаған тағы бір тартуы «Қазақ лирикасы: көркемдік ізденістер және ұлт тәуелсіздігі» атты ғылыми еңбегі, «Тағдыр жыры» (Алматы, 1984), «Үш өлшем» (Алматы, 1989), «Айналдым сенен, атамекен-ай» (Алматы, 2011) және т.б. жыр кітаптары ұсынылды.

Ұлы дала қаламгерлері. Көрменің 1-бөліміне Ш. Сариевтің төл шығармалары, кітаптары қойылды. Атап айтар болсақ: «Теңізден соққан жел» (Алматы, 1975) – автордың бұл кітабында адам жанының нәзік пернелерін басатын лирикалық өлеңдері мен «Ұлылық» атты поэмасы ұсынылған. «Біздің ғасыр» кітабына ақынның өлеңдері мен «Дәрігердің үш оқиғасы», Өнер құдіреті» атты поэмалары мен балладалары енген. Ақын бүгінгі замандастарының азаматтық тұлғасы, адамгершілігі мен достығы, сүйіспеншілігі туралы жырлайды. Сонымен қатар келушілер назарына елін сүйген патриот жанның Қазақстанның тәуелсіздігіне арнап халқына сыйлаған тағы бір тартуы «Қазақ лирикасы: көркемдік ізденістер және ұлт тәуелсіздігі» атты ғылыми еңбегі, «Тағдыр жыры» (Алматы, 1984), «Үш өлшем» (Алматы, 1989), «Айналдым сенен, атамекен-ай» (Алматы, 2011) және т.б. жыр кітаптары ұсынылды.

Ұлттық журналистика темірқазығы. Бұл бөлменің мазмұндық салмағын ҚазҰУ-дың журналистика факультеті оқытушы-профессорлар құрамының, осы факультет түлектерінің монографиялары, оқулықтары, оқу құралдары мен басқа да ғылыми еңбектері және т.б. басылымдар көтереді. Мысалы: А. Рамазан «Қазақ баспасөзі және Қазақстандағы тіл саясатының қалыптасу, даму жолдары» (Семей, 2014) – монографияда отарлық және кеңестік тіл саясатының ұлтсыздандыруды мақсат ете отырып, қазақ тілінің аясын тарылтып, қазақ баспасөзінің дамуын тежеген кедергілері талқыға салынады. Ғ. Әбілдина «Телевизия өнері: теориясы мен технологиясы: оқу құралы» (Алматы, 2012) – оқу құралында кино мен телевизия өндірісі үдерісінің қалай жүзеге асатыны, оның ерекшелігі, әралуан қырлары талқыланған. Сонымен қатар көрменің үшінші бөлімінде Б. Әсембаеваның «Баспа ісінің менеджменті мен маркетингі: оқу құралы» (Алматы, 2011), К. Қабылғазинаның «Қазақ телевизиясының тарихы: оқу құралы» (Алматы, 2018), М. Барманқұловтың «Телевизия: ақша ма, әлде билік пе?», Ү. Уайдиннің «Журналист әдебі: иман-инабат иірімдері және баспасөз» тәрізді өзге де еңбектер ұсынылды.

Ұйымдастырушы: Әл-Фараби атындағы кітапхана

Көрменің оқырмандық бағыты: Ғылыми-практикалық конференция қатысушылары, журналистер, студенттер мен профессорлық-оқытушылық құрам, докторанттар, магистранттар, т.б.
Көрме құжаттары: кітапхана қорынан 80-ге жуық кітап, мерзімді басылымдар.

Сондай-ақ әл-Фараби кітапханасында өткен іс-шараларды сілтеме арқылы көре аласыз: осы жерде

Яндекс.Метрика