2022 жылдың 7-желтоқсанында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Қазақстанның Халық жазушысы, ҚР ҰҒА-ның академигі, филология ғылымының докторы, профессор З. Қабдоловтың 95 жылдығына арналған ХV «Қабдолов оқулары» шарасы болды
Осы іс-шараға байланысты әл-Фараби кітапханасы кітап көрмесін ұйымдастырды.
Көрменің мақсаты: «Қабдолов оқуларына» қатысушыларды, профессорлық-оқытушылық құрамды, университет студенттерін Зейнолла Қабдоловтың ғылыми шығармаларымен (монографиялары, оқулықтары, мақалаларымен), көркем туындыларымен, сондай-ақ ғалымның әдебиеттану бойынша жазған оқу және ғылыми еңбектерімен, жарияланымдарымен таныстыру.
Көрме 4 бөлімнен тұрады
- ЖАЗУШЫ. ҒАЛЫМ. ҰСТАЗ.
- ЗЕРЛІ СӨЗДІҢ ЗЕРГЕРІ
- МЕНІҢ ӘУЕЗОВІМ
Жазушы.Ғалым.Ұстаз. Экспозицияның бұл бөлігінде З. Қабдоловтың шығармашылығы, жеке тұлғасы туралы жазылған шығармалар, ғылыми, публицистикалық еңбектер орын алған, атап айтқанда: акедемик-жазушы З. Қабдоловтың зайыбы Сәуле апайдың күнделігі «Көрген түстей, сағымдай…» (Астана, 2009) кітабы – бұл кітапта халықтың аяулы ұлының өмірінің кейінгі сәттері көрініс тапқан; Қ. Жүсіптің «Жазушы. Ғалым. Ұстаз» (Алматы, 1997), «Қазақтың Қабдоловы» (Алматы, 2005) кітаптары, Қ. Жүсіп «Жұлдыз» 2007 жыл, № 11 «Зейноллама»: дастаннан үзінді, З. Қ. Қабдолов: библиографиялық көрсеткіш (Алматы, 1997), тәрізді т.б. кітаптар қойылған.
Зерлі сөздің зергері. Көрменің бұл бөлімінде ғалымның әдебиет тарихы, әдебиеттану бөлімдері бойынша монографиялары, жинақтары, оқу-әдістемелік құралдары, мерзімді басылымдарда жарияланған материалдары қойылған. Мысалы, «Дана дидар» жинағына (Астана, 2009) – «Менің Әуезовім» роман-эссесінің екінші кітабы, «Махамбет» романы, Мәскеу, Харьков, Ялта, Евпатория сапарларынан жазған жолжазба күнделігі, бірқатара аудармалары енген; «Қазақ әдебиеті: стиль мәселелері», «Әдебиет теориясының негіздері» (Алматы, 1970), «Көзқарас»: талдаулар мен толғаныстар» (Алматы, 1996), «Жанр сыры» (Алматы, 1964) еңбектері, сонымен қатар Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Хабаршысы, Филология сериясы, 1997 жыл, № 13 «Бүтін бітім» мақаласы, «Парасат» 1997 жыл, 8 тамыздағы «Ұстаз» мақаласы, «Таң-Шолпан» 2007 жыл, № 1 «Мағжан Жұмабаев» мақаласы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Хабаршысы, Филология сериясы, 2003 жыл, № 6 «Азаттықтың асқақ рухы» мақаласы және т.б. басылымдары орналасқан.
Менің Әуезовым. Көрме З. Қабдоловтың шығармашылығын ашатын бөлімнен басталады. Бұл жерге ғалымның әдебиеттану бойынша жазған еңбектері, әдеби көркем шығармалары қойылған, мысалы: «Ұшқын» романы (Алматы, 2001) – бұл жазушының тұңғыш көлемді көркем шығармасында университет студенттерінің (болашақ геологтар) өмірі Атырау мұнайшыларының тұрмыс-тіршілігімен сабақтастырыла суреттелген; «Жалын» романы (Алматы, 2001) – бұл көркем туынды «Ұшқын» романының жалғасы болып табылады және Маңғыстау мұнайшыларының өмірінен алынып жазылған; сонымен бірге бес томдық шығармалар жинағы, «Арна» кітабы (Алматы, 1988) және т.б. еңбектері ұсынылды.
Ұйымдастырушы: Әл-Фараби атындағы кітапхана
Көрменің оқырмандық бағыты: Ғылыми-практикалық конференция қатысушылары, журналистер, студенттер мен профессорлық-оқытушылық құрам, докторанттар, магистранттар, т.б.
Көрме құжаттары: кітапхана қорынан 80-ге жуық кітап, мерзімді басылымдар.
Сондай-ақ әл-Фараби кітапханасында өткен іс-шараларды сілтеме арқылы көре аласыз: осы жерде