Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да философия ғылымдарының докторы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың профессоры, ҚР ҒА академигі, мәдениеттану профессоры, Қазақстанның Философиялық конгресінің вице-президенті Ғабитов Тұрсын Хафиұлының 75 жылдығына арналған «Түркі әлеміндегі қазақ мәдениеті мен философиясы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция.
Тұрсын ҒабитовХафизұлы – 1947 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Биғаш ауылында дүниеге келген. 1971 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің философия және экономика факультетін үздік бітірді. Қазақ мемлекеттік университетінің диссертациялық кеңесінде кандидаттық диссертациясын қорғады, докторлық диссертациясын да Қазақ мемлекеттік университетінде қорғады. 2009 жылы «Құрмет» орденімен марапатталды. «ЖОО ең үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының, Қазақстанның ғылым мен білім беру саласына қосқан ерен үлесі үшін мемлекеттік ғылыми стипендиясының иегері, ҚР ЖОО Бірлестігінің «Үздік автор» байқауының, республиканың ғылым, техника және білім беру саласына қосқан ерен үлесі үшін «Қазақстанның ғалымдар одағы» байқауының лауреаты. Т. Х. Ғабитовтың «Мәдениеттану» оқулығы мәдениет және ақпарат байқауында «Қазақстанның онжылдығының үздік кітабы» болып танылды.
Осы іс-шараға байланысты әл-Фараби кітапханасы кітап көрмесін ұйымдастырды.
Көрменің мақсаты: 1) Конференцияға қатысушыларды, профессорлық-оқытушылық құрамды, университет студенттерін Ғабитов Тұрсын Хафиұлының ғылыми еңбектерімен таныстыру; 2)Көрмеге келушілерді кітапхана қорындағы қазіргі заманғы философия, мәдениеттану, этика, антропология салаларының өзекті мәселелері бойынша оқу, ғылыми әдебиетпен таныстыру.
Көрме 4 бөлімнен тұрады
- Мәдени мұра — өркендеудің негізі
- Қазақ философиясы — ұлттық идеяның өзегі
- Қазіргі заман философиясы
- Философия әлемі
Мәдени мұра — өркендеудің негізі. Көрменің 1-бөлімінде Т. Х. Ғабитовтың философия саласында жазған шығармалары ұсынылады. Бұл жерде ғалымның төмендегі еңбектері қойылған: «Қазақ философиясы», «Философия права», Ж. А. Алтаевпен бірлесіп жазылған «Ғылым тарихы мен философиясы», Б. Сатершиновпен бірлесіп жазылған «Тәуелсіз Қазақстанның тарих философиясы», т.б. кітаптары.
Қазақ философиясы — ұлттық идеяның өзегі. Көрменің 2-бөлімі Т. Х. Ғабитовтың этика және мәдениеттану салаларына қатысты жазған еңбектерінің таныстырылымынан тұрады. Бұл жерде ғалымның төмендегі шығармалары қойылған: «Қазақ этикасы», «Мәдениеттану», «Қазақ мәдениетінің рухани кеңістігі», «Қазақ этикасының теориясы мен тарихы», «Қазақ мәдениетінің тарихы», «Қазақ мәдениетінің типологиясы», «Заңгер этикасы», «Мәдениеттану» курсының типтік бағдарламасы, авторлар тобымен бірлесіп жазылған «Философия және мәдениеттану», «Мәдениеттану негіздері», т.б. кітаптары.
Қазіргі заман философиясы. Бұл бөлменің мазмұндық салмағын ҚазҰУ-дың оқытушы-профессорлар құрамының философия саласында жазған монографиялары, оқулықтары, оқу құралдары мен басқа да ғылыми еңбектері, шетелдерде жарық көрген кітаптары және т.б. басылымдар құрайды. Олардың қатарында П. М. Сүлейменов «Әлеуметтік философия», Қ. Бегалинова, М. Ашилова, Ә. Бегалинов «Философия», М. Ә. Джекебаева «Философия», Ә. Масалимова, А. Құлсариева «Мәдени антропология», О. Сегізбаев «Қазақ философиясының тарихы», Г. Абдрасилова «Шәкәрім философиясы», Г. Шұрышева «Еуропалық орта ғасыр және қайта өркендеу философиясы», И. Рау, Г. Нұрышева «Фридрих Ницшенің философиясы мен өмірі туралы очерктер» және т.б.
Философия әлемі. Көрменің бұл бөлімінде Қазақстан ғалымдары мен философтарының ғылыми еңбектері – философия тарихы, философия бөлімдері бойынша монографиялары, жинақтары, оқу-әдістемелік құралдары қойылған. Мысалы, Ж. Алтаев «Әл-Фараби өркениеттер сұхбатында», С. Қ. Мырзалы «Философия әлемі», М. Ш. Хасанов, В. Ф. Петрова, А. М. Хасанова «Современная кзахстанская философия», Ж. С. Сандыбаев «Ортағасыр шығыс философиясындағы басқару мәдениетінің адамгершілік негіздері», «Философия познания: век ХХІ», Ж. М. Абдильдин, Р.Ж. Абдильдина «Философия и логика Гегеля» және «Әлемдік философиялық мұра» сериясымен шыққан 20 томдық жинақ, т.б. кітаптар орналасты.
Ұйымдастырушы: Әл-Фараби атындағы кітапхана
Көрменің оқырмандық бағыты: Шара қатысушылары, журналистер, студенттер мен профессорлық-оқытушылық құрам, докторанттар, магистранттар, т.б.
Көрме құжаттары: кітапхана қорынан 80-ге жуық кітап, мерзімді басылымдар.
Сондай-ақ әл-Фараби кітапханасында өткен іс-шараларды сілтеме арқылы көре аласыз: осы жерде