Әдебиет және қазіргі заман

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасының ұйымдастыруымен «Әдебиет және қазіргі әлем» атты халықаралық дөңгелек үстел өтті.

Кез келген әдебиет томаға-тұйық кеңістікте, ұлттық шеңберде ғана дамымайды және оның өсіп-жетілуі оқшауланған процесс емес. Ұлттық әдебиеттің үнемі өзге халықтардың мәдениетімен араласуға, сұхбаттасуға ұмтылатыны заңды құбылыс. Бұл тұрғыдан алғанда қазақ әдебиеті тарихында қазақ-орыс әдеби байланыстарының орны ерекше. Екі көршілес ел экономикалық, мәдени салаларда ғана емес, әдебиеттерінің даму процесінде де тағдырлас. Қазіргі заманғы ресейлік және қазақстандық әдеби аударма проблемаларын қозғау мақсатында өткізіліп отырылған дөңгелек үстелге ресейлік жазушылар Г. Яхина, О. Шишкин, А. Строкина және Аударма институтының атқарушы директоры Е. Резниченко арнайы келді.

Осы іс-шараға байланысты әл-Фараби кітапханасы кітап көрмесін ұйымдастырды.

Көрменің мақсаты: Шараға қатысушыларды, профессорлық-оқытушылық құрамды, университет студенттерін Тәуелсіздік жылдардағы қазақ-ресей әдеби байланыстарын айшықтайтын кітаптармен таныстыру.

Көрме 4 бөлімнен тұрады
  • Заманауи қазақ әдебиеті
  • Независимость и художественное слово
  • Литература без границ
  • Көркем аударма теориясы

Заманауи қазақ әдебиеті. Көрменің 1-бөлімінде келушілер назарына қазақ тілінде жазатын отандық авторлардың  кітаптары ұсынылады. Атап айтар болсақ:  Е. Айғалиұлының «Мен саған ғашықпын», А. Нүсіптің «Барлау», М. Мысаның «Мен керекпін», Д. Исабековтың «Ай-Петри ақиқаты», «Ө. Оралбайұлының «Шуақты шақ», М. Омарованың «Қадір түні», Ә. Байболдың «Теміржол вокзалы», Е. Жұмабектің «Шексіздік шүғыласы», С. Хасанның «Кәусар» және т.б. кітаптары.

Независимость и художественное слово. Бұл бөлімде қазақ тілді қазақстандық авторлардың орыс тіліне аударылған шығармалары ұсынылады, мысалы:  Ш. Муртаза «Луна и Айша», А. Кекильбаев «Конец легенды», «Степные легенды», У. Есдаулетов «Ахиллесова пята», «Не спрашивайте время у поэтов…», А.-Ж. Нурпеис «И был день… и была ночь…», М. Ыскакбай «Женщина, не влюблявшаяся ни разу», Ш. Бейсенова «Сказ об одной любви» және т.б.

Литература без границ. Көрменің үшінші бөлімінде орыс тілінде жазатын қазақстандық авторлар мен ресейлік заманауи авторлардың кітаптары орын алды. Олардың ішінде: З. Прилепин «Не чужая смета», М. Расул «Чужой муж», Н. Кричевский «Истоки государственного лицемерия», Р. Сенчин «Зона затопления», Б. Момыш-улы «След птицы в небе», «Явление синего таутеке», О. Сулейменов «Глиняная книга», «АЗиЯ», Ж. Аслан «Сны окаянных» және т.б. қойылған.

Көркем аударма теориясы. Көрменің 4-бөіліміне аударма ісі, көркем аударма теориясына қатысты ғалымдардың еңбектері қойылды. Олардың ішінде: А. С. Исмакова «Казахская художественная проза», С. Тер-Минасова «Тіл және мәдениетаралық коммуникация», Л. Мкртчян «О стихах и переводах», А. А. Шмырева «Лиетартура Востока и проблемы художественного перевода», В. В. Алимов, М. В. Артемьева «Художественный перевод», Р. М. Мейрамгалиева «Типология и структура философского романа современной казахской литературы», О. Е. Семенец, А. Н. Панасьев «История перевода», және т.б. бар.

Ұйымдастырушы: Әл-Фараби атындағы кітапхана

Көрменің оқырмандық бағыты: Шара қатысушылары, журналистер, студенттер мен профессорлық-оқытушылық құрам, докторанттар, магистранттар, т.б.

Көрме құжаттары: кітапхана қорынан 140-қа жуық кітап, мерзімді басылымдар.

Сондай-ақ әл-Фараби кітапханасында өткен іс-шараларды сілтеме арқылы көре аласыз: осы жерде

Яндекс.Метрика