Әл-Фараби кітапханасында Филология ғылымдарының докторы, профессор Ержанова Сәуле Баймырзақызының 50 жасқа толуына орай «Әдеби сана ағыны – сын және мәтін» атты ғылыми конференция өтті.
Ержанова Сәуле Баймырзақызы – филология ғылымдарының докторы, (2010), профессор (2012), ХАА мүшесі, академик. 1994 жылы Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтын үздік бітірген. Бүгінгі таңда ҚазҰУ-дың «Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасында» аға- оқытушы қызметін атқаруда. Ержанова Сәуле Баймырзақызы – жоғары оқу орындарында әдебиеттану ғылымының көкейтесті мәселелерімен айналысып жүрген теоретик-ғалым. Негізгі ғылыми бағыты – қазіргі қазақ поэзиясы. 2009 жылы «Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ поэзиясының көркемдік тұтастығы мәселелері» атты тақырыпта докт. дисс. қорғаған. 100-ден аса ғылыми мақалалары бар, оның кейбірі жоғары рейтингтегі халықаралық Импакт-факторлы-Tomson Reuters, Scopus журналдарында жарияланған. Қазіргі кезде 2 монография, 2 оқу құралы, 5 көмекші оқу құралының, 2 мультимедиялық-электронды оқу құралдарының авторы. Жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін берілген «Ы. Алтынсарин» төсбелгісімен (2011) марапатталған. «ЖОО-ның үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері (2012).
Осы іс-шараға байланысты әл-Фараби кітапханасы кітап көрмесін ұйымдастырды.
Көрменің мақсаты: 1) Конференцияға қатысушыларды, профессорлық-оқытушылық құрамды, университет студенттерін Ержанова Сәуле Баймырзақызының ғылыми еңбектерімен (монографиялары, оқулықтары, мақалаларымен), сондай-ақ әдебиеттану бойынша оқу және ғылыми әдебиетпен, ғалымдардың, филологтың жұмыстарымен, жарияланымдарымен таныстыру; 2) Көрмеге келушілерді кітапхана қорындағы қазіргі заманғы әдебиеттанудың, қазіргі әдеби сынның өзекті мәселелері бойынша оқу құралдарымен, ғылыми әдебиетпен таныстыру.
Көрме 3 бөлімнен тұрады:
- Толғауы тоқсан – қызыл тіл
- Әдебиет – ардың айнасы
- Әдеби сын белестері
«Толғауы тоқсан – қызыл тіл». Көрме Г.К. Ахметованың ғылыми шығармашылығын ашатын бөлімнен басталады. Бұл жерге ғалымның әдебиеттану бойынша жазған еңбектері қойылған, мысалы: «Көркем шығарма феноменологиясы : оқу құралы» (2021 ж.) «Қазақ поэзиясы тәуелсіздік тұсында : оқу құралы» ( 2010 ж.), «Қазіргі қазақ прозасындағы нарратология : оқу құралы» ( 2020 ж.) «Ғұмыры ғибрат : жинақ» ( 2013 ж.) және т.б.
«Әдебиет – ардың айнасы». Көрменің бұл бөлімінде Қазақстан ғалымдары мен әдебиеттанушыларының ғылыми еңбектері – әдебиет тарихы, әдебиеттану бөлімдері бойынша монографиялары, жинақтары, оқу-әдістемелік құралдары қойылған. Мысалы, А. Ісмақованың «Қазақстан әдебиеттануындағы тәуелсіздік идеясы», А. Қалиева «Көркем әдебиет: Шығармашылық тұлға және психологизм», Р. Әбдіқұлова «Шешендік сөздердің көркемдік жүйесі», Ә. Тарақовтың «Қазақ әдебиетіндегі тарихи тұлға проблемасы» және т.б. кітаптар орналасқан.
«Әдеби сын белестері». Экспозицияның бұл бөлігі әдеби сынның өзекті мәселелеріне арналған. Мұнда Қазақстандағы әдеби сынның дамуы туралы баяндайтын: Р. Әбдіқұлованың «Жанр және шығарма», О. Ошанованың «Сөйлеу мәдениетінің негіздері», Ә. Әбдіманұлы «Қазақ әдебиетіндегі ұлттық рух», М. Базарбаев «Замана тудырған әдебиет», Ж. А. Рүстемова «Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі», З. Қабдолов «Сөз өнері» тәрізді т.б. кітаптар қойылған.
Көрменің оқырмандық бағыты: Ғылыми-практикалық конференция қатысушылары, журналистер, студенттер мен профессорлық-оқытушылық құрам, докторанттар, магистранттар, т.б.
Көрме құжаттары: кітапхана қорынан 80-нен астам кітап, мерзімді басылымдар.
Сондай-ақ әл-Фараби кітапханасында өткен іс-шараларды сілтеме арқылы көре аласыз: осы жерде